ТҮРКІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНЦЕПТОСФЕРАСЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «АҚЫЛ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ

Автор(лар)

  • А.К. Бакытжанова Актюбинский региональный университет им.К.Жубанова
  • Г.Т. Шокым
  • Э.Т. Буранкулова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.004

Кілт сөздер:

интеллектуалдық концепт, гендерлік лингвистика, түркі тілдері, когнитивтік талдау, концептосфера, ақыл, семантика, когнитивтік модель

Аннотация

Адам болмысын зерттеуге бағытталған когнитология, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика сияқты ғылымдардың жетістіктеріне сүйену негізінде қазақстандық тіл білімінде соңғы 20 жыл көлемінде гендерлік лингвистика бағыты ерекше қарқынмен даму үстінде. Тілдегі гендерлік факторлар адам мен тілдік болмыстың өзара байланысын аталған ғылымдардың әдіснамасы арқылы айқындауға негіз болды. Соның ішінде адамның интеллектуалдық концептосферасын гендерлік ерекшеліктері тұрғысынан зерттеу – қазақстандық гендерлік лингвистиканың әдістемелік саласына өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Бұл зерттеудің мақсаты – түркі интеллектуалдық концептосферасын «ақыл» концептісі негізінде ер мен әйелдің гендерлік ерешеліктері тұрғысынан анықтау. Мақалада түркі тілдеріндегі «ақыл» концептісінің гендерлік ерекшеліктері мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер негізінде зерттеледі. Зерттеу объектісі ретінде гендерлік семантиканы бейнелейтін мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер алынып, олардың когнитивтік модельдері гендерлік сипатта айқындалады. Зерттеу барысында жалпы ғылыми-теориялық әдістерден басқа (сипаттау, интерпретациялау, жүйелеу, салыстыру сияқты), зерттеу материалдарын жинақтау мен сұрыптау, семантикалық жіктеу мен топтастыру, статистикалық талдау, мағынаны компоненттік талдау, когнитивтік модельдеу, оппозициялар әдісі секілді  арнайы әдістер қолданылған.

Зерттеуге алынған «ақыл» концептісі когнитивтік талдау, интеллектуалдық концептосфера, гендерлік лингвистика мен түркі тіл білімі тұрғысынан алғанда кешенді түрде қаралатын өзекті мәселе екені сөзсіз. Түркі интеллектуалдық концептосферасының ядролық бөлігін құрайтын «ақыл» концептісін гендерлік факторлар тұрғысынан сипаттау зерттеудің өзектілігін айқындай түседі.

Зерттеу нәтижесінде «Ақыл» концептісі семантикалық макроөріс ретінде өз құрамында мағыналық кластерлік микроөрістерді ажырататыны анықталып, лингвомәдени және когнитивтік категория ретінде гендерлік факторларды қамту барысында гендерлік лингвистика категориясы қатарында тұратыны дәлелденген. Талдау қорытындысында анықталған «ақыл» концептісінің когнитивтік модельдері бұл концептінің түркі лингвомәдениетіндегі гендерлік болмыс ерекшеліктерін айқындайтындығы тұжырымдалған. 

Мұндай зерттеулер алдағы уақытта түркі тілдерінің гендерлік және интеллектуалдық концептосферасын зерттеп, дамытуда маңызды әрі түркі тілдерінің концептологиялық саласын ұлттық кодты танып-білу, этникалық сипаты тұрғысынан, мәдени-әлеуметтік болмысымызды тілдік танымдық қырынан ғылыми зерделеу үшін қажет.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-28

Жоба

Раздел

Статьи