ПРОФЕССОР Қ. ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.013Кілт сөздер:
тіл білімі, статистикалық әдістер, дыбыс саны, әріп саны, буын, сөз саны, сөз тіркесі, сөйлемАннотация
Мақалада қолданбалы тіл білімінде тіл элементтерін есептеудің сандық мәселелері, тілді зерттеудегі статистикалық әдіс-тәсілдердің қолданылуы, қазақ тіл білімінде статистикалық лингвистиканың алғашқы қалыптасу кезеңіндегі зерттеушілердің еңбектері, қазіргі лингвостатистикалық зерттеулердің бағыты, т.б. туралы айтылған.
Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары: тіл білімінің барлық саласы бойынша өзінің ғылыми озық ойларын жазып, осы еңбектері арқылы кейінгі ұрпаққа талантымен танылған профессор Қ.Жұбанов еңбектерінде қазақ тілін зерттеуде статистикалық әдіс-тәсілдерді қолданудың алғашқы үлгілері көрініс тапқандығы нақты деректер негізінде баяндалған.
Статистикалық әдістерді қазақ тіліндегі дыбыстардың фонетика-фонологиялық мәнін таныту, фонемалар құрамын, әліпбиге алынатын әріп санын білу, сөз бен буын саны мен буын құрамындағы дыбыс санын есептеу, сөз мағынасының фонема саны мен оның сөз құрамындағы орнына қатысын, әр фонеманың сөз ішіндегі тіркесуі мен позициясының есебін анықтау үшін қолданғаны дәлелденген. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы да осында.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдауы, қорытындылары: қазақ тілі дыбыстарының тіркесім заңдылықтарын, буынға бөліну ерекшелігін, тасымалдану-тасымалданбау жағдайларын анықтау орфографияның басты қажеттіліктерінің бірі болып табылатынын ескерген ғалым Қ. Жұбанов жазу емлесін бір жүйеге түсіру мақсатындағы зерттеулерін статистикалық ізденістермен ұштастыра жүргізген.
Бір тілдегі сөйлемді екінші бір тілге аударуда кездесетін қиындықтардың бірі − сөздің мағынасын дәл беру, яғни, бір сөздің жеке тұрғандағы мағынасы мен сөйлем құрамында басқа сөздермен байланысқа түскендегі аударма мағынасының тура келе бермейтінін статистикалық әдістер арқылы көрсетілген деректерге тілдік талдау жасалған.
Бұл жұмыстың нәтижелері Сандық лингвистика, Қазақ тілі фонетикасы саласындағы сандық технологияға қатысты тақырыптарды өту кезінде пайдалануға болады.
Қ. Жұбановтың еңбектерінде қолданылған алғашқы статистикалық деректерді қазіргі сандық лингвистика пәндерін оқу барысында пайдаланып, тіл элементтерінің сандық мәселелерін, жиілік сөздіктердің түрлерін, кері әліпби-жиілік сөздік, сөзнұсқағыш әліпби-жиілік сөздік, мәтіндегі грамматикалық бірліктер санын есептеу, компьютер көмегімен сөздердің алгоритмін жасау, қазақ мәтіні бойынша түзілген жиілік сөздіктерге сандық есептеулер сипаттамасын беру, т.б. жұмыстарды практика жүзінде жасай білуге қол жеткізіледі.