Х. МУРАКАМИ МЕН Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚҰДЫҚ ОБРАЗЫНЫҢ ПАРАДИГМАЛАРЫ

Автор(лар)

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.031

Кілт сөздер:

Демокрит құдығы, метафора, қабылдау, ассоциативті өріс, психологиялық қабылдау, күту көкжиегі семантикасы, архетип, қасиетті мекен, су, шыңырау

Аннотация

Мақала Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі мен Харуки Муракамидің «Ұшқыр құс шежіресі» романындағы «құдық образының» мән-мағынаны қалыптастыру және көркемдік-психологиялық түсіндіру парадигмаларын зерттеуге арналған. Жүргізілген салыстырмалы талдау жазушылардың ұлттық-мәдени көзқарастарымен және шығармашылық даралығының ерекшеліктерімен «құдық образын» бейнелеудің детерминизмін байқауға мүмкіндік берді. Мағынаны арттырудың жаңа кодтарын құру үшін авторлардың ассоциативті-семантикалық түрлендірулердің әртүрлі тәсілдері мен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсететін мысалдар келтірілді. Құбылысты бейнелеудегі авторлық ұстанымның семо-коннотативті әлеуетін талдау авторлар әлемін жеке қабылдаудың мәдени, мифологиялық парадигмаларын ашады. Әр қаламгердің көркемдік даралығының құрамдас бөлігі ретінде құдық образын метафоралық жолмен бейнелеудің көркемдік-эстетикалық мәні ашылды. Проблемалық-салыстырмалы және контекстік талдаулар, семантикалық-семиотикалық тәсіл жапон және қазақ халықтарының мифтері мен аңыздарындағы құдық субстанциясының көркемдік, символдық мазмұнындағы ортақ және ерекше тұстарын ашып, сипаттамалық талдау жасауға мүмкіндік берді. Ал түрлі халықтар танымындағы құдық образының маңызын, рөлі мен өмірлік мәнін, рухани негіздерін арнайы зерттеген ғалымдардың еңбектері зерттеу нысаны мен пәнін кеңейтіп, тереңдетуге негіз болды. Қарастырылып отырған мәтіндердегі мазмұндық жоспар мен көркемдік жоспарды этномәдени тұрғыдан салыстыру екі қаламгердің авторлық интенциясындағы құдық образының семантикалық интерпретациясының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Кластерлік талдау Ә. Кекілбаев пен Х. Муракамидің метафоралық ойлауының аксиологиялық және онтологиялық тұрғыдан айтарлықтай ерекшеленетінін көрсетті. Жұмыстың ғылыми маңызы: екі мәдениеттегі «құдық» образының нақты құндылық-этикалық түсіндірмелері мен түсініктері айқындалып, авторлардың метафоралық дүниетанымы кейіпкерлердің этномәдени бірегейлігінің белгілі бір мәселелерін қысқа және көлемді интерпретациялауда күрделі көркемдік қызмет атқаратыны алғаш рет анықталды. Құдық образы жеке тұлғаның ең маңызды қайшылықтарын білу үшін қолданылғандығы, бұл авторларға адамның дамуы мен деградациясының ең терең үрдістерін, оның санасының екіленуінің себептері мен үдерістерін, үстемдік пен бағыну полюстері арасындағы тұрақсыз күйді сезінуге мүмкіндік беретіндігі жайлы өзіндік көзқарас ұсынылды. Жапон және қазақ мәдениеттеріндегі су құбылыстарын қабылдау ерекшеліктері туралы тұжырымдардың құндылығы мен тәжірибелік тұрғыда маңыздылығы атап өтілді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи