Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы
Мақалаларды рәсімдеу талаптары
Мақалалар төмендегі ережелерге қатаң сәйкес рәсімделуі тиіс:
- Журналға мақалалар электрондық нұсқада қабылданады. Барлық материалдар «Microsoft Office Word (97, 2000, 2007, 2010) for Windows» мәтіндік редакторында дайындалуы қажет (.doc, .docx, .rtf форматтарында).
- Мақала көлемі (тақырып, авторлар туралы мәлімет, аңдатпа, түйін сөздер, әдебиеттер тізімін есептемегенде) 5-тен 16 бетке дейін (1 б.т.) болуы тиіс.
- Қаріп – Times New Roman,
Негізгі мәтіннің қаріп көлемі – 14,
Аңдатпа, түйін сөздер, әдебиеттер – 12,
Кесте мәтіні – 9–11,
Тегістеу – мәтін ені бойынша,
Жоларалық интервал – 1 см,
Абзацтық шегініс – 1 см,
Өрістер: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2,5 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1 см.
- Ғылыми мақаланың құрылымы: тақырып, аңдатпа, түйін сөздер, кіріспе, материалдар мен әдістер сипаттамасы, нәтижелер, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса), әдебиеттер тізімі.
- Мақалада 11 бөлім болуы тиіс:
- ӘОЖ шифры – бірінші жолда, сол жақ шетінде, 12 қаріппен қалың әріптермен (Мақала үлгісін қараңыз);
- ҒТАХР (Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы);
- DOI (төменде, бос орынсыз, сол жақ шетінде, 12 қаріппен қалың әріптермен басылады (редакция қояды);
- Мақала атауы (одан кейін, бір жол тастап, ортасына, бас әріптермен (барлығы бас әріппен), мақала тілінде 14 өлшемді қалың қаріппен жазылады (Мақала үлгісін қараңыз);
- Автор(лар) (корреспонденцияға жауапты автор «*» белгісімен көрсетіледі, авторлар саны 4-тен аспауы керек. Бір жол төмен, ортасында, 14 қаріппен, кіші әріптермен: фамилиясы мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қала, ел, электрондық поштасы көрсетіледі (Мақала үлгісін қараңыз));
- Аңдатпа (төменде, бір жол тастап, қызыл жолдан (1 см шегініспен), 12 қаріппен, көлемі 200 сөзден кем емес, 300 сөзден аспайтын, мақала тілінде болуы тиіс)
Міндетті бөлімдері:
- Кіріспе,
- Зерттеу мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары,
- Ғылыми және практикалық маңыздылығы,
- Әдіснамасы,
- Негізгі нәтижелері мен қорытындылары,
- Зерттеу құндылығы,
- Практикалық маңызы (Қараңыз: Мақала үлгісі);
- Тірек сөздер (бір жол төмен, қызыл жолдан (1 см), 12 пт қаріппен, саны кемінде 8 сөз (Мақала үлгісін қараңыз);
- Мақала мәтіні (одан кейін бір жол тастап, мақаланың мәтіні басылады. Қаріп – Times New Roman, негізгі мәтіннің өлшемі – 14, тегістеу – мәтін ені бойынша, жоларалық интервал – 1 см, абзацтық шегініс – 1 см, өрістер: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2,5 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1 см. (Мақала үлгісін қараңыз);
- Әдебиеттер тізімі (мәтіннен кейін, бір жол тастап, ортасына, 12 қаріппен, қалың, бас әріптермен (барлығы бас әріппен), мақала тілінде болуы тиіс) (Мақала үлгісін қараңыз).
- Пайдаланылған дереккөздер саны 15-тен аспауы тиіс.
- Сілтемелер мәтінде тік жақшада көрсетіледі ([1], немесе цитатамен [1, 29-б.]). Нөмірлеу ретімен беріледі. Интернет-ресурстар қолданылса, толық библиографиялық мәлімет, мекенжайы және қолданған күні көрсетіледі.
- Авторларға журналда бұрын жарияланған мақалаларға, сондай-ақ Scopus және WoS дерекқорларындағы материалдарға сілтеме жасау ұсынылады.
- Қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттер ГОСТ 7.1-2003 бойынша рәсімделеді (Мақала үлгісін қараңыз).
- Транслитерацияланған әдебиеттер тізімі / References (төменде, бір жол тастап, әдебиеттер тізімінің транслитерациясы беріледі. «REFERENCES» сөзі ортасына, 12 қаріппен, қалың, бас әріптермен (барлығы бас әріппен), мақала тілінде басылады)
- Егер мақала ағылшын тілінде болса, транслитерация қажет емес. Егер қазақ/орыс тілінде болса, міндетті түрде транслитерация жасалады.
- Транслитерация ережелері сайтта берілген: https://bulletin-pedagogical.ablaikhan.kz/index.php/j1/translit
- Бастапқы құрылымдық бөліктерді қайталау – бір жолдан кейін: мақала атауы, автор(лар), аңдатпа, түйін сөздер.
- Мақала қазақ тілінде болса – орыс және ағылшын тілдерінде қайталанады;
- Орыс тілінде болса – қазақ және ағылшын тілдерінде;
- Ағылшын тілінде болса – қазақ және орыс тілдерінде (Мақала үлгісін қараңыз).
- Суреттер, кестелер, графиктер мен диаграммалар жалпы көлемнің 20%-нан аспауы тиіс (кей жағдайларда 30%-ға дейін). Иллюстрациялар мәтін ішінде беріледі. Электрондық нұсқада суреттер TIFF немесе JPG форматында, сапасы 300 dpi-ден төмен болмауы керек.
- Кестелердің, сызбалардың, графиктердің және басқа графикалық материалдардың мәтіні Times New Roman қаріпімен 9–11 өлшемде теріледі, нөмірленеді және атауы болады, атауы кестенің үстінде жолдың ортасына жазылады
Кесте 1. Жоспар түрлері
Атауыш жоспар |
Сұраулы жоспар |
1. Тілдегі математиканың қатаң ережелері |
1. Тіл қандай қатаң математикалық ережелерге бағынады? |
2. Арнайы тілдер |
2. Қандай тілдер арнайы болып саналады? |
3. Әмбебап тілдер |
3. Әмбебап тілдер қайда кездеседі? |
4. Тіл білімінде қолданылатын математикалық құралдар |
4. Тіл білімінде математикалық құралдар не үшін қолданылады? |
5. Математикалық әдістерді қолдану |
5. Тіл білімінде математикалық әдістер қандай мақсатта қолданылады? |
6. Математиканы білудің қажеттілігі |
6. Тілшіге не үшін математиканы білу керек? |
Сурет атауы суреттің астына, ортасына жазылады және мәтінде оған жасалған сілтемеден кейін бірден орналастырылады.
1-сурет - Жапон мәдениетіне қызығушылық