АБАЙ ТАРИХИ-АУДАРМАЛЫҚ ДИСКУРСЫН КЕШЕНДІ ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Абишева К. КазУМОиМЯ
  • Каримова К.
  • Нурманов А.
  • Сейдахметова Р.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.020

Кілт сөздер:

тарихи тұлға, тарихи дискурс, аударма дискурсы, дискурсивті-тарихи тәсіл, когнитивті - дискурсивті тәсіл, қоғамдық-саяси қызмет

Аннотация

Зерттеу жүргізу мақсаты – Абайдың тарихи прецеденттік тұлға ретінде маңыздылығын анықтау және оның тарихи және аударма дискурстарын ғылыми тұрғыдан талдау. Сонымен қатар Абай дискурсының мәнін ашу, кешенді талдау жүргізу, оның елдің тарихи дамуына және аударма ғылымына қосқан елеулі үлесін анықтау. Сондай-ақ, зерттеу жүргізу барысында ғұламаға және оның жазбаларына байланысты прецеденттілік деңгейін бағалау міндетін орындау көзделеді. Бұл зерттеуде Абайдың аударма дискурсын тарихи-әдеби дискурс ретінде қарастырып, оның тарихи контекстке және мәдени ерекшелікке бейімділігі көрсетіледі. Абайдың еңбектерін тарихи тұлғаның шығармашылығы ретінде мойындай отырып, тарихи дәуірге сай ерекшеліктері мен сипаттары бейнелейді. Зерттеу барысында дискурсивті-тарихи, когнитивті-дискурсивті және прагматикалық-коммуникативтік әдістемелер, социологиялық сауалнама әдістерімен толықтырылған әдістер кешені қолданылған. Нәтижесінде Абай дискурсын мұқият талдауға, оның тарихи дискурсының экстралингвистикалық, когнитивті, прагматикалық және лингвостилистикалық компоненттерін анықтауға және сипаттауға мүмкін болды. Сонымен қатар Абайдың аударма дискурсына терең талдау жасалып, оның тарихи табиғаты және прецеденттілік деңгейі анықталған. Алынған нәтижелер Абай дискурсы туралы құнды түсініктер беріп қана қоймай, тарихи дискурс және аударма теориясының дамуына елеулі үлес қосады. Зерттеу барысында жинақталған материалдар зерттеу тарихи дискурс және аударма теориясын дамыта отырып, тарихи контексттегі мәдени және тілдік динамика туралы білімді кеңейтеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығын Абайдың тарихи үдеріске және аударма саласына қосқан үлесін терең түсінуге мүмкіндік бергенімен дәлелдеуге болады. Яғни, Абайдың дискурсын зерттей отырып, ғұламаның еңбектерінің қоғамға және аударма теориясына әсер етуі туралы құнды ақпарат алуға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-27

Жоба

Раздел

Статьи