ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ БРИТИЗМ

Автор(лар)

  • Кәрібекова А. Abai kazakh national pedagogical university
  • Турарова А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.011

Кілт сөздер:

Қазақ тілі, бритишизм, лексикология, терминология, английцизм, бритизм, жаһандану, дүниетаным

Аннотация

Бұл зерттеудің негізгі мақсаты қазіргі кездегі қазақ тіліне ағылшын тілінен енген лексикалық бірліктерді, сондай-ақ олардың таралу әдістері мен тілде қолданылатын контексттерді зерттеу болып табылады. Зерттеудің міндеттері болып қазақ тіліндегі бритизм қолданыс аясын айқындау, олардың семантикалық және құрылымдық ерекшеліктерін талдау, сондай-ақ қазақ тілінің лексикалық жүйесіне бейімделу деңгейін бағалау болып саналады. Зерттеудің маңыздылығы ағылшын тілінен енген сөздер жайлы зерттеулердің дамуына, әсіресе олардың мазмұнына, ауқымына және олардың қазақ тіліне бейімделуінің немесе ассимиляциясының ерекшеліктеріне байланысты талдаулардың жолға қойылуына ықпал етеді. Бұл құбылыстар американдық және британдық мәдениеттердің әсерінен көптеген тілдерде лексикалық деңгейде байқалатын жаһандану процестерімен, яғни ағылшын сөздерінің қазақ тілінің лексикалық базасына енуінің артуымен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы қазақ тіліндегі социолингвистикалық факторлар мұқият зерттелмегені байқалады. Демек, бритизмдерді жүйелеу, біріздендіру және стандарттау қазақ тілінің әдеби нормаларының қалыптасуы бағытында зерттеу жасаудың маңыздылығы жоғары. Бұл зерттеудің теориялық құндылығын, оның нәтижелерін қазақ тілі корпусына басқа тілдерден (ағылшын) алынған сөздерді алдағы уақытта зерттеу үшін негіз ретінде алуға болады. Сонымен қатар зерттеудің практикалық маңыздылығы гуманитарлық бағытта білім беретін университеттердің оқытушылары мен студенттері лингвистикалық пәндерді оқыту барысында, әсіресе лексикология немесе терминологияны оқытуда қолдана алады. Бұл мақала сандық және сапалық талдаудан тұрады. Зерттеуде Абай атындағы Қазақстан ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) студенттері арасында (1-4 курс, жалпы саны 215 адамнан тұратын) онлайн-платформада сауалнама алынып, талдау жасалынды. Талдау көрсеткендей, бүгінгі таңда бритизм қазақ тілінде соңғы жиырма жыл ішінде кеңінен тарай бастағаны анықталды.

 

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles