АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ТҮРЛЕРІН МОДЕЛЬДЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ- ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.027Кілт сөздер:
транслингвалды тәсіл, көптілділік, тілдік кодтар, лингвистикалық модель, академиялық жазылым, сызбалы модель, мәтін жанрларын модельдеу, схемалық модельдеу әдісіАннотация
Қазіргі білім, ғылымның жаһанданған заманында болашақ маманның академиялық сауаттылық дағдыларын терең меңгермейінше, әлемдік ғылым кеңістігіне шығуы мүмкін еместігінің, кәсіби және ғылыми ортада оның бәсекеге қабілеттілігінің шектеулі болатындығы байқалуда. Академиялық жазылым түрлерін жазуды меңгерту, оны жетілдірудің, модельдеу арқылы игертудің ғылыми-əдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігі зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді. Отандық және шетелдік ғалымдарының еңбектеріне негіздей отырып, лингвистикалық модельдердің түрлерін, құрылымын, жасалу жолдарын саралау жұмыстың мақсаты болып табылады. Әлемдік және отандық модельдеу практикасын түбегейлі зерттеу арқылы академиялық мәтін жанрларын үйретуге қолайлы модельдерді таңдау, құрылымын, мазмұнын айқындау арқылы модель құрастыру жұмыстың міндеті болып табылады.Анализ, синтез әдістерін қолдана отрып ғалымдар ұсынған модель түрлерін зерттеу нәтижесінде Қ.Жұбановтың сызбалы моделі таңдалып алынып, оның негізінде ғылыми мақала моделі құрастырылды. Академиялық мәтін түрлерін сызбалы модель арқылы жазып үйренудің құндылығы – модельдің қарапайымдылығы, қолдануға жеңілдігі және мәтін түрлерін сатылай көрсете отырып, түпнұсқаның мазмұнын нақты беруі болып табылады. Сызбалы модель қолдану арқылы білім алушыларға академиялық мәтіндердің эссе және оның құрылымдық бөліктерін, ғылыми мақаланың құрылымдық бөліктерін, тезис, реферат сияқты мәтін түрлерін жазуда пайдалы болмақ.