ДЖ. К. РОУЛИНГТІҢ "ГАРРИ ПОТТЕР" АТТЫ РОМАНЫНДАҒЫ ОККАЗАНИОЛИЗМДЕРДІ АУДАРУДАҒЫ СТАТЕГИЯЛАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЖӘНЕ САЛҒАСТЫРМАЛЫ АНАЛИЗ

Автор(лар)

  • Қусаинова A.Т. Almaty Management University
  • Ерсултанова Г.Т.
  • Асанова Г.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.031

Кілт сөздер:

окказионализм, окказионал сөз, окказионал фраза, окказионал сөз тіркестер, калька, сипаттамалық аударма, адаптация, транслитерация және транскрипция

Аннотация

Бұл мақалада Джоан К.Роулингтің "Гарри Поттер мен Пәлсапа Тас" кітабында кездесетін ағылшын тіліндегі окказанионализмдер зерттеліп, олардың қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларындағы баламаларымен салыстырылады. Бұл зерттеу жұмысында кітаптар сериясының түпнұсқа және аудармасында кездесетін окказионализмдерді аудару стратегияларын зерттеу үшін сапалық және сандық әдістерді қолданылды. Сапалық әдіс арқылы контекстік нюанстарға және мәдени әсерлерге назар аудара отырып, түпнұсқа және аудармаларды жан-жақты талдау қамтылды. Сонымен қатар, сандық әдіс жиі қайталанатын заңдылықтарды анықтау үшін әр түрлі аударма әдістерді жүйелі түрде жіктелді және саналды.  Деректер ағылшын тіліндегі түпнұсқа мәтіннен, сондай-ақ оның орыс тіліндегі  М.Литвинова, "РОСЭН"  және қазақ тіліндегі Д. Мажен, " Steppe & World " аударма нұсқаларынан жиналды. Аналитикалық әдістемелер салыстырмалы мәтіндік сараптаманы, аударма тәсілдерін санаттарға бөлуді және microsoft Excel көмегімен жиілікті талдауды қамтыды. Зерттеу шығармашылық окказионализмдерді аударудың қиындықтары туралы құнды түсінік береді, әртүрлі стратегиялардың тиімділігін бағалайды және олардың түпнұсқа мәтіннің мағынасы мен стиліне жақындығын сақтауға әсерін көрсетеді. Бұл екі жақты тәсіл әртүрлі тілдердегі аударма тәжірибесін жан-жақты түсінуді қамтамасыз етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles