ОНОМАТОПЕЯЛЫҚ СӨЗДЕРДІҢ ТІЛАРАЛЫҚ БЕРІЛУДЕГІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.003Кілт сөздер:
ономатопея, ономатопеялық сөз, прагматикалық сипат, көркем аударма, мәнмәтін, коммуникация, салыстырмалы зерттеу, прагматикалық ерекшелікАннотация
Мақалада «Ж. Роулиңнің «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» көркем аудармасының прагмалингвистикалық аспектісі» докторлық диссертация шеңберінде ономатопеялық сөздердің тіларалық берілудегі прагматикалық аспектісі ұсынылады. Зерттеу жұмысында қазақ және ағылшын халқының тілі мен мәдениетінде маңызды орын алатын ономатопеялық (еліктеу) сөздердің аудармасы мәселесі зерттеледі. Ономатопеялық сөздер құбылыстардың дыбыстық және көбінесе эмоционалды жақтарын жеткізе отырып, тілде маңызды рөл атқарады.
Жұмыстың мақсаты – ономатопеялық тіркестердің мәтіндегі прагматикалық қызметін ескере отырып, аударма ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеудің негізгі бағыттарына ономатопеяның аудармасына мәдени және тілдік ерекшеліктердің әсерін талдау, сондай-ақ осы тіркестердің прагматикалық мағынасын барабар жеткізудің стратегияларын әзірлеу кіреді.
Зерттеу әдістемесі әртүрлі тілдердегі параллель мәтіндердегі ономатопеялық тіркестерді салыстырмалы талдауға негізделген. Ономатопеялық бірліктердің бір тілден екінші тілге аударылу ерекшеліктеріне, сөзбе-сөз аударма, эквивалентті аударма сияқты әртүрлі аударма тәсілдеріне де мән беріледі. Негізгі назар аударылатын мәселе – прагматикалық сипат. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ономатопеялық сөздер жасалатын дыбыстар мен мағыналардың сәйкес келмеуі, сондай-ақ мәдени және әлеуметтік айырмашылықтар келтіріледі. Ономатопеялық сөздер арқылы екі тіл мен мәдениеттегі мәтінді қабылдауға және ой-санаға қалай әсер ететіні талданады. Аудармашылардың ономатопеялық бірліктерді беру кезінде мәдени реңк пен мәнмәтін сияқты прагматикалық факторларды ескеру мәселесі зерттеледі.
Зерттеу нәтижелері ономатопеялық сөздердің прагматикалық аспектісі туралы түсінікті кеңейтуге көмектеседі және тіларалық коммуникацияда жұмыс істейтін аудармашылар мен лингвистер үшін пайдалы ұсынымдар береді. Сондай-ақ ономатопеялық бірліктерді аударудағы прагматиканың маңыздылығын және түпнұсқадағы эмоционалды дыбысты сақтауға ұмтылатын аудармашыларға жаңа мүмкіндік береді.