СҰХБАТ ДИСКУРСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Акмагамбетова Б.Е. Eurasian National Univresity
  • Сарсеке Г.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.002

Кілт сөздер:

сұхбат, дискурс, ер, әйел, манипуляция, суггестия, гендер, прагматика

Аннотация

Зерттеу жұмысы сұхбат дискурсының гендерлік ерекшеліктерін айқындауға арналған. Сұхбат - тек публицистикалық жанр ғана емес, сонымен қатар адам өмірінің құрамдас бөлшегі. Қоғамда дұрыс қарым-қатынас құра білу - кез келген адамға қажет қасиет. Сұхбат  сұхбат берушінің ой-толғанысына негізделеді. Жақсы сұхбат – сұхбат алушы адресант пен сұхбат беруші адресаттың сәтті комуникативтік акті құра алуымен, интенцияның жүзеге асып, коммуникативтік мақсатқа жетуімен өлшенеді.

Зерттеудің мақсаты – ер және әйел тележүргізушілердің сұхбатын қарастыра отырып, сұхбат дискурсының гендерлік ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми маңызы – сұхбат дискурсының гендерлік ерекшеліктеріне алғаш талдау жасалуымен құнды. Сұхбат барысында ер тележүргізушілердің манипуляция жасауға бейім екені анықталды. Әйел тележүргізушілердің коммуникациялық әрекеті сұхбат барысында диалог құрушы коммуникантқа тікелей бағытталатыны нақтыланды. Бір сұхбаттың өзінде бірнеше тақырып талқылатыны, сұхбатқа икемділігі, адресатпен тілдесу барысында сөзін жиі бөліп, өзінің эмоциясынан хабардар етуі – әйел тілінің прагматикалық ерекшеліктері екендігі мысалдармен дәйектелді. Зерттеу нәтижелері сұхбат дискурсын тың тұжырымдармен толықтырады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын коммуникация теориясын, дискурс, гендерлік лингвистика салаларына қатысты ғылыми пәндерді оқытуда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу барысында сұхбаттарды саралау үшін аналитикалық әдіс, ой тұжырымдар жасау үшін сипаттау әдісі, сұхбаттарды талдау барысында салыстыру, жинақтау, ой қорыту әдістері қолданылды.

Зерттеу барысында төмендегідей ғылыми тұжырымдар жасалды:

- Сұхбат дискурсына қатысушы коммуниканттардың рөлі сұхбатты жанды әрі жүйелі өтуіне септігін тигізеді. Сәтті коммунативті актіге құрылған сұхбат тыңдаушы тарапқа әсер етіп, сұхбат алушы мен беруші арасында коммуникативті-прагматикалық байланыс нығая түседі.

- Ер тележүргізушілер сұхбат құруда жиі манипуляция жасайды;

- Әйел тележүргізушілер кейіпкерін толық ашу үшін суггестиялық тілдік бірліктерді жиі қолданады;

- Сұхбат барысында ерлердің коммуникациялық әрекет икемдігілі төмендеу және баяу, ал әйелдер сұхбат құруға бейім әрі сұхбат беруші тұлғаны прагматикалық-психологиялық тұрғыдан сөйлетудің түрлі амалдарын жасайды;

- Ерлерге қарағанда әйелдер сұхбат беруші адресаттың сөзін жиі бөледі. Бұл әйелдердің сұхбатты қажетті арнаға икемдеп бағыттай алу қабілетінің тереңдігімен, тез арада бағдарлай алу мүмкіндігінің кеңдігімен байланысты. 

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles