Ә.НҰРПЕЙІСОВТІҢ «ҚАН МЕН ТЕР» ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ «АҚ» ПЕН «ҚАРА» ЖАЛПЫ АТАУЛАРЫ ТУЫНДАҒАН ТІРКЕСТЕРДІҢ ОРЫСША АУДАРМАСЫ ЖАЙЫНДА

Автор(лар)

  • Серикбаева У.Б. АУЭС имени Гумарбека Даукеева
  • Советова З.С.
  • Жусупова А.У.
  • Ержанова Ж.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.020

Кілт сөздер:

түр-түс атаулары, символдық мағына, ауыспалы мағына, номинативтік мағына, негізгі мағына, аударма, ақ, қара

Аннотация

Тіліміздегі түр-түс атаулары мен олардан туындаған жай және тұрақты тіркестердің (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, салыстырмалы тіркестер, жұмбақтар) барлығын бір ғылыми еңбекте толық әрі кешенді түрде қарастырып шығу мүмкін емес. Осыған байланысты зерттеу барысында түр-түс әлеміндегі «ақ» және «қара» атауларына арнайы назар аударылып, олардың танымдық және тілдік табиғаты қарастырылды.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – «ақ» және «қара» түстерінің мағыналық реңктері мен қолданыс ерекшеліктерін анықтау. Аталған түстердің жеке қолданыстағы және тіркес құрамындағы қызметтерін талдау арқылы олардың ұлттық мәдениеттегі тарихи-әлеуметтік маңызын, этнолингвистикалық сипатын ашу көзделді.

Зерттеу барысында салыстыру, мәтіндердегі түр-түс атауларының құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасау әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы – «ақ» және «қара» түр-түс атаулары мен олардан туындаған жай және тұрақты тіркестердің ауыспалы, метафоралық, символикалық және тұрмыстық мағыналарын жан-жақты ашып көрсетуінде. Бұл атаулардың танымдық табиғатын анықтау лексикалық жүйедегі мағыналық қабаттарды терең түсінуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда халықаралық қатынастардың кеңеюіне, рухани, мәдени және экономикалық байланыстардың дамуына байланысты тіл байлығын, соның ішінде түр-түс атаулары жүйесін де терең меңгерудің маңызы арта түсуде. Түр-түс атаулары қазақ тілінің көне және байырғы лексикалық қабатына жатады.  Бұл атаулар мен тіркестерді өзге тілдерге (орыс, ағылшын, неміс және т.б.) оп-оңай аудара салуға келмейді. Сондықтан олардың астарындағы ұлттық салт-дәстүрлерді, наным-сенімдер мен дүниетанымдық ерекшеліктерді жетік білу қажеттілігі туындайды. Ғылыми жұмыстың практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін әдебиеттану, аударма теориясы мен практикасы, сондай-ақ түр-түс атауларына қатысы бар барлық салаларда қолдануға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles