КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ АУДАРМА СТРАТЕГИЯЛАРЫ (ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ҮРКЕР» РОМАНЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.019Кілт сөздер:
фразеологизмдер, аударма, түпнұсқа, роман, стратегия, стиль, талдау, мәнмәтін, ҮркерАннотация
Аударма – мақсатты мәтіннің аспектілері мен белгілерін мағыналық, мәдени және прагматикалық тұрғыдан басқа тілге аудару процесі болып табылады. Дегенмен, фразеологиялық және мәдени байланысқан сөз тіркестерін аудару аудармашылар үшін қиындыққа айналды, өйткені олар мәдени байланысты және көптеген мәдени элементтерді қамтиды. Ғылыми мақаланың мақсаты қазақ тілінен түрік тіліне аударылған «Үркер» романындағы фразеологизмдерді аударуда кездесетін қиындықтарды және сол қиындықтарды шешу жолында қолданылған стратегияларды зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысы бірнеше негізгі бағыттан тұрады. Алдымен «фразеологизм» терминінің техникалық анықтамасы мен аударманың мәнмәтіндегі маңызы қарастырылады. «Үркер» романындағы фразеологизмдер қазақ мәдениетінің тарихын, бірегейлігін білдіретіндігімен ерекшеленеді, сондықтан аударма кезінде олардың мәдени мәнмәтіні мен символикасын ескеру өте маңызды болып табылады. Аудармашылардың қазақ, түрік фразеологизмдерін аударуда қолданатын негізгі стратегиялары да сандық және сапалық талдау әдістерімен талданады. Мақаланың ғылыми маңыздылығы «Үркер» романындағы фразеологизмдерді мысал ретінде алып, түрік тіліндегі аудармалар стратегиясы мен жиілігінің маңыздылығы тұрғысынан жүйелеу әдісінің көмегімен талдау болып табылады. Талдау нәтижесінде төрт маңызды мәселе анықталды: 1. Статистикалық тұрғыдан ең көп қолданылатын стратегия – сөзбе-сөз аударма және семантикалық балама болып табылады, одан кейін перефраз, түсіру және басқа аудару стратегиялары 2. Сөзбе-сөз аударма орын алған жағдайда кейбір қазақ фразеологизмдері түрік лексикасында сақталған 3. Сөзбе-сөз аудармаға негізделген аудармалардың саны «бөтен» болып көрінуі немесе түрік оқырманы үшін түсініксіз болуы мүмкін. 4. Сөзбе-сөз (яғни, қате) аударма аудармашының фразеологизмнің мағынасын толық аша алмауынан туындайды. Ғылыми мақаланың практикалық маңыздылығын арттыру мақсатында аударма стратегияларының табиғаты, олардың таралу себептері және аударылатын мәтінге әсері, сондай-ақ қазақ және түрік тілдеріне ықпалын тереңірек түсіну үшін қайта қаралады.