ЛИНГВОМӘДЕНИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЫСАН РЕТІНДЕГІ КӨРКЕМ МӘТІН

Автор(лар)

  • Қажығалиева Г. А. КазНИТУ им. К.И. Сатпаева
  • Қадырова Г. Р.
  • Арзиева Е.Р.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.025

Кілт сөздер:

жоғары оқу орнындағы тілдік дайындық, ана тілі ретіндегі емес орыс тілі, болашақ тіл мұғалімі, лингвомәдени тәсіл, көркем мәтін, лингводидактикалық бірлік, мәтіндік лингвомәдениеттану өрісі, мәтіндік лингвомәдениеттану бірліктері

Аннотация

Мақалада жоғары оқу орнында болашақ тіл оқытушыларына лингвистикалық пәндерді оқыту жағдайында лингвомәдени-әдістемелік объект ретінде көркем мәтіннің сипаттамалары қарастырылады. Алғаш рет лингвомәдениеттаным ұғымы және әдіс ретінде осы мақала авторларының бірінің жұмысында ұсынылған мәтіндік лингвомәдени өрістiң (МЛМӨ) әдісі сипатталады. Бұл жұмыстың мақсаты – «лингвомәдени және мәтіндік семантикалық өріс құрылымдарының сипаттамаларының синтезі» ретінде МЛМӨ лингводидактикалық мүмкіндіктерін көрсету. Бұл лингводидактикалық мүмкіндіктерді авторлар «Көркем мәтіннің лингвомәдени талдауы» курсы аясында және И. Буниннің «В деревне» әңгімесінің материалы бойынша қарастырады. Мақалада жоғарыдағы көрсетілген әңгіме мысалында мәтіндік лингвомәдени өрістiң құрылымдық және мазмұндық ұйымдастырылуы егжей-тегжейлі және дәйекті сипатталады және филолог-студенттерінің МЛМӨ-мен жұмысына арналған практикалық сабақтың құрылымы беріледі. Авторлармен сипатталған мәтіндік лингвомәдени өрісте көрсетілген мәтіндік лингвомәдени бірліктердің тақырыптық құрамы және МЛМӨ-нің ядролық және перифериялық құрамы сипатталады. Осы мақалада берілген нақты әдеби мәтіннің мәтіндік лингвомәдени өрісін анықтау бойынша студенттердің жұмысының сипаттамасы әрекеттердің реттілігін, МЛМӨ-ні көрсетүдің қадамдық алгоритмінің анықтауға мүмкіндік береді, бұл сөзсіз жүргізілген зерттеудің құндылығы. Бұл нәтиженің айқын практикалық мәні де бар, өйткені студенттер аталған алгоритмді қолданудың арқасында сәйкес әдеби шығарманың МЛМӨ-ін дұрыс және толық анықтайды, бұл жалпы студенттердің танымдық және интеллектуалдық белсенділігін белсендіруге, жеткілікті түрде толықтай және нақты мәтін авторының әлем бейнесін оқушыларға дәлме-дәл қайта құруға  және талданатын көркем шығарманың тілдік бірліктерінің ұлттық-мәдени ерекшелігін жеткілікті толық және нақты түсіну үшін мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles