ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ЖАСАЛУЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.022Кілт сөздер:
термин, терминжүйе, когнитивтік терминтаным, метафора-терминдер, терминжасамның морфологиялық тәсілі, терминжасамның синтаксистік тәсілі, терминжасамның семантикалық тәсілі, терминжасам, офтальмология терминдеріАннотация
Тіл біліміндегі антропоөзектік парадигма аясында терминжасам тәсілдерін зерделеу, термин жасау механизмдерін анықтау бүгінгі таңда өзекті болып саналады. Терминдерді когнитивтік көзқарас тұрғысынан зерттеу идеясының маңыздылығын төмендегілерден көруге болады: біріншіден, когнитивті аспект терминді терминжасаушы көзімен зерттеуге мүмкіндік береді, екіншіден, когнитивтік терминтаным терминнің күрделі әрі қарама-қайшы табиғатын түсінуге көмектеседі, терминшілерді терминнің ішкі заңдылықтарын зерттеуге бағыттайды, үшіншіден, терминтанымдағы когнитивтік зерттеулер терминді жаңа қырынан зерттеуге ықпал етеді. Зерттеуде когнитивтік терминтаным теориясына қатысты тұжырымдар мен ұстанымдар басшылыққа алынды. Құрылысы әртүрлі қазақ және ағылшын офтальмологиялық терминдерінің жасалуына салғастырмалы талдау жасалды, қазақ және ағылшын офтальмология терминдерінің жасалу тәсілдерін анықталды. Зерттеу нысаны – антропоөзектік парадигмадағы қазақ және ағылшын офтальмология терминологиясы. Зерттеу пәні – офтальмология терминдерінің жасалу тәсілдері. Зерттеудің мақсаты – қазақ және ағылшын офтальмология терминдерінің жасалу тәсілдеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты концептуалды талдау негізінде анықтау. Зерттеу төмендегідей міндеттерді шешуге ұмтылады: 1) қазақ және ағылшын терминдерінің жасалуындағы негізгі тәсілдерді анықтау; 2) қазақ, ағылшын офтальмология терминдерінің жасалуына тән белгілерді анықтау; 3) офтальмология терминдерінің жасалуындағы жиі кездесетін тәсілдерді сипаттау; 4) терминжасам тәсілдерінің кәсіби білімді бейнелейтін терминдер жасаудағы орнын анықтау; 5) терминжасам тәсілдерінің терминжүйені жүйелеудегі, біріздендірудегі, кәсіби білімнің дәлдігі мен қысқалығын қамтамасыз етудегі рөлін анықтау. Зерттеу барысында түгелдей теру әдісі, сипаттама, сандық және салғастырмалы әдіс, концептуалды талдау әдісі қолданылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы алғаш рет қазақ және ағылшын офтальмология терминдерінің жасалу тәсілдері кешенді талдауымен анықталады. Зерттеу нәтижесінде қазақ және ағылшын офтальмология терминдері морфологиялық, синтаксистік және семантикалық тәсілдер арқылы жасалатыны анықталды. Синтаксистік тәсіл екі тілде де өнімді тәсіл ретінде танылды. Морфологиялық және семантикалық тәсілдердің қолданыс жиілігінде айырмашылықтар анықталды, ол екі тілдің типологиялық тұрғыдан құрылысы әртүрлі тілдер екендігімен түсіндіріледі. Ғылыми зерттеудің практикалық маңызы алынған нәтижелер қазақ және ағылшын медицина дискурсын әрі қарай зерттеуде, басқа терминжүйелерді талдауда пайдалы болады. Алынған нәтижелер қазақ терминологиясын біріздендіруге ықпал етеді. Қазақ тіл білімінде кәсіби дискурсты зерттеуге негіз болады.





