ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС ПЕН МӘДЕНИЕТ КӨРІНІСІ: САН ЕСІМДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР КОНТЕКСІНДЕ (ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.011Кілт сөздер:
сан есімді фразеологизмдер, фразеологиялық бірліктер, тұрақты тіркестер, нумеративтер, ұлттық мәдениет, мәдени-таным, лингвомәдениеттану, семантикаАннотация
Бұл мақалада қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі сан есімді фразеологизмдердің айырмашылықтары мен ерекшеліктері талданады.
Ғылыми зерттеудің мақсаты – аталған тілдердегі сан есімді фразеологизмдерді ұлттық мәдени-танымдық сипаты негізінде зерттеу.
Жұмысымыздың негізгі бағыттары – салыстырмалы, салғастырмалы тіл білімі, лексикология, фразеология, лингвомәдениетану секілді ғылым салаларының аясын кеңейту.
Зерттеу жұмысымыздың ғылыми маңыздылығы – әр ұлтқа тән фразеологизмдердегі ұлттық құндылықтардың негізі ретінде зерттеу – тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, ұлттық танымды, сондай-ақ мәдениетаралық түсіністікті тереңірек зерделеуге мүмкіндік беретін өзекті ғылыми бағыт. Бұл зерттеу тек тіл саласына ғана емес, сонымен қатар этнолингвистика, мәдениеттану, аударматану салаларына да маңызды үлес қосады.
Зерттеу әдіснамасы ретінде мақалада салыстырмалы және салғастырмалы, лексикографиялық әдістер қолданылады. Сан есімді фразеологизмдерге семантикалық тұрғыда талдаулар жасалады.
Сан есімді фразеологимздерді үш тілде зерттеу нәтижесінде мынадай қорытынды жасалды: Жалпы қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдер қоры кең ауқымда зерттелгенімен, көрсетілген тілдердегі сан есім атаулары ұйытқы болған фразеологизмдердің тілдегі көрінісін, ортақ тұстарын, дара белгілерін, тұрақты тіркес ретінде тілде қалыптасуының себеп-салдарын салғастыра зерттеу - отандық тіл білімінде әлі қолға алына қоймаған тың дүние екені анықталды. Сонымен қатар жалпы адамзаттық және ұлттық ерекшеліктерді анықтауға негіз болды. Әр тілдегі фразеологизмдер арқылы халықтың дүниетанымдық ерекшелігін салыстыруға мүмкіндік туады.
Бүгінде тіл білімінің жаңа бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер жеткілікті болғанымен, аталған мәселені салыстырмалы, салғастырмалы тұрғыда зерттеу сан есімді фразеологизмдердің зерттелу құндылығын көрсетеді. Мақаланы жоғары оқу орындары оқу үдерісінде оқытылатын «Салғастырмалы тіл білімі», «Аударманың лингвистикалық мәселелері» пәндеріне теориялық және практикалық материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу қорытындысының практикалық маңызы - қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі сан есімді фразеологиялық бірліктерді салыстыру нәтижелері үш тілдегі фразеологиялық бірліктердің ұлттық мәдени өмірімен байланысын түсінуге, олардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктерін саралауға, негізгі типологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.