ИНОФОНДАРҒА АРНАЛҒАН ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СӨЗДІК: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Солтанбекова А. институт языкознания им. А.Байтурсынова
  • Рамазанов Т.
  • Кайырбекова У.
  • Сабирова М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.022

Кілт сөздер:

туыстық атаулар, инофондар, лексика-грамматикалық, сөздік, этномәдени бірліктер, инофондарға арналған сөздік, сөздік құрастыру, принцип

Аннотация

Тіл лексикалық бірліктердің (сөздердің) грамматикалық формулалар (грамматтикалық тұлғалар) арқылы бірігуі нәтижесінде тілді қолданушының ойы мен діттемін жеткізіп коммуникацияның негізгі құралына айналады. Тілдегі сөздердің мағыналары түсіндірме сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологизмдер сөздігі секілді лексикографиялық еңбектерде, ал грамматикасы грамматикалық сөздікте, академиялық грамматика секілді көлемді еңбектерде және жеке ғалымдардың зерттеулерінде толық көрініс табады. Алайда тіл үйренушілер ұлттық тілде жарық көрген мұндай еңбектерді тіл үйрену құралы ретінде үнемі пайдалана алмайды. Мақалада инофондарға арналған лексика-грамматикалық сөздіктегі этномәдени бірліктерді топ-топқа бөліп  берілу ерекшеліктері сөз болады. Тек сөздер тізімі ғана жасалмайды, ұлттық кодты анықтайтын анықтамасы қоса беріледі және ағылшынша аудармасы жазылады. Келешекте жарық көретін лексика-грамматикалық сөздік ағылшын тілін білетін ересек инофондарға, оның ішінде Оксфорд университетінің магистранттар мен докторанттарына арналған бірден бір қажетті құрал болмақ. Бұл мақалада инофондарға арналған туыстық атаулардың лексика-грамматикалық сөздікте берілу ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Туыстық атаулар – белгілі бір этностың дүниетанымы мен мәдени құндылықтарын бейнелейтін маңызды тілдік бірліктер. Қазақ тіліндегі туыстық атаулар жүйесі күрделі иерархиялық құрылымға ие болып, жас ерекшелігіне, туыстық дәрежесіне және жынысына байланысты бөлінеді. Бұл ерекшеліктер инофондар үшін қазақ тілін меңгеруде қосымша қиындықтар туғызуы мүмкін. Зерттеуде туыстық атаулардың семантикалық өрісі, қолданылу аясы және мәдениетаралық коммуникациядағы рөлі талданады, туыстық атауларды түсіндірудің тиімді тәсілдері қарастырылады. Атап айтқанда, дефиницияларды құрастыру, баламалар ұсыну, иллюстративті материалдар беру және түсінікті грамматикалық сипаттама жасау мәселелері талданады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles