БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕДИАМӘТІНДЕРДЕГІ ЗАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ

Автор(лар)

  • Акабаева М.О. Әлихан Бөкейхан университеті
  • Абикенова Г.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.001

Кілт сөздер:

медиамәтін, мәдениет лексикасы, балалар тілі, ұлттық сипат, телебағдарлама тілі, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, ұлттық таным

Аннотация

Сөйлеу тілі әрбір ұлттың рухани және материалдық мәдениетінің, тарихының, бүкіл болмысының  айнасы деуге болады. Қай ұлт болмасын, сыры – тілінде, оның түп тамыры этностың мың-мыңдаған жылдар жүріп өткен тарихи жолымен, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде өз қолымен, ақыл-ой, санасымен жасаған мәдениетімен, дүниетанымымен сабақтасып жатыр. Мақалада қазақ тіліндегі балаларға арналған медиамәтіндердегі заттық  мәдениет лексикасының ұлттық сипаты зерттеледі. Зерттеудің мақсаты –  балаларға арналған медиамәтіндердегі материалдық мәдениет деректерінің тақырыптық топтарын анықтап, этномәдени және семантикалық тұрғыдан сипаттау. Балаларға арналған медиамәтіндердегі заттық мәдениет лексикасын талдауда тілдік фактілер  қазақтілді отандық телебағдарламалар материалдарынан алынды. Зерттеу барысында интерпретация әдісі, лексика-семантикалық талдау, контент-талдау тәрізді комбинаторлық интегративті әдістер пайдаланылды. Мақалада балаларға арналған медиамәтіндердегі заттық мәдениет лексикасын зерттеу арқылы  ұлттың әлемдік бейнесі сол ұлттың көзімен көруге мүмкіндік беретін тілдік құрылымдардың қазақы ұлттық таным мен дәстүрлі тұрмыс-салты арқылы модельденіп, ұлттық ерекшеліктермен кодталған ұғымдар арқылы репрезентацияланады деген тұжырым жасайды. Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындыларын  «Лингвомәдениеттану» саласындағы ғылыми зерттеулер жасауға, жоғары оқу орындарында «Лингвомәдениеттану», «Қазақ тілінің лексикологиясы» сияқты курстарды жүргізуге  және оқу құралдарын жазу барысында қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles