АҒЫЛШЫН, ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АУДАРУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

Автор(лар)

  • Куанышбаева А.Н. КазУМОиМя
  • Алдабергенова А.А. Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана, https://orcid.org/0000-0001-5162-6853

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.035

Кілт сөздер:

экологиялық термин, аударма, интернационализм, калька, аударма трансформациялары, кірме сөздер, тіларалық, саясат

Аннотация

Жаһандану және жаңа технология заманында аударма түрлі елдердің арасындағы байланыс пен өзара ықпалдастықтың ең маңызды құралдарының біріне айналды. Бұл әсіресе экология сияқты ғылыми салаларда өзекті, себебі мұнда арнайы терминологияны дәл әрі нақты жеткізу өте маңызды. Зерттеудің мақсаты – экологиялық терминологияны аудару кезінде лексикалық, стильдік және концептуалды аспектілерді ескере отырып, аударма кезіндегі қиыншылықтарды анықтау. Сондай-ақ, экологиялық терминологияның ғылыми-ақпараттық жанрларда экологиялық терминологияның қалыптасуына әсер ететін экстралингвистикалық факторларды анықтауда, құрылымдық семантикалық талдау мен пәнаралық байланыстарды анықтауда тіл білімінің дамуына үлес қосатыны дәлелденді. 

       Бұл жұмыста  лингвистикалық, мәдени және прагматикалық факторлардың аударма үдерісіне әсері Э. Найда, К. Норд, Х. Вермеер сынды ғалымдардың теорияларына сүйене отырып, көрсетілген. Зерттеуде контент-талдау, салыстырмалы талдау, лингвистикалық талдау сияқты әдістемелік тәсілдер қолданылды. Бұл жұмыста аударманың функционалдық және прагматикалық аспектілері, сондай-ақ мәдени бейімделу ерекше атап өтілді.    

       Талдау барысында экология саласындағы көптеген терминдердің интернационализм қатарына кіретінін ашып көрсетіп,  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірдей қолданылатыны анықталды. Бұл терминдер көбінесе грек, латын, француз және неміс тілдерінен енген және графика әрі мағыналары жағынан бір-біріне ұқсас деп атап өтілген. Сонымен қатар, ғылыми ұғымдарды жеткізуде толық және жартылай калькалау мысалдары қарастырылды. Экологиялық терминологияны дұрыс аудару тек тілдік дәлдікті ғана емес, сонымен қатар мәдени контексті, коммуникация мақсатын және мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін ескеруді талап ететіні анықталды. Аталмыш жұмыстың теориялық маңыздылығы аударма үдерісінің тіларалық әрі мәдениетаралық күрделілігін терең түсінумен айқындалады. Практикалық маңыздылығы – алынған мәліметтерді сөздіктер мен оқу құралдарын дайындауда, сондай-ақ Қазақстандағы көптілді кеңістікте аудармашыларды дайындауда оқу-әдістемелік құрал қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-07-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles