ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ «ХИКМЕТТЕРІНДЕГІ» МӘДЕНИ ЛЕКСИКАНЫҢ ТАРИХИ ҚАБАТТАРЫ

Автор(лар)

  • Ажибекова М.Е. ЕНУ
  • Сагидолда Г.
  • Ченгел Касапоглу Х.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.001

Кілт сөздер:

Ясауи, Диуани хикмет, Самарқанд (Залеман қолжазбасы), мәдени лексика, түркілік қабат, тілдік қабат, араб және парсы тілдік қабаты, сөздік қор, сөздің құрамы, тілдік жад

Аннотация

Қожа Ахмет Ясауи «Хикметтері» түркі халықтарының рухани мұраларының аса құнды үлгілерінің бірі болып табылады және мәдени лексиканы зерттеуде маңызды дереккөз ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – тілдік үдерістер нәтижесінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуының сөздік құрамға әсерін айқындау, сондай-ақ мәдени лексиканы байытудың негізгі көздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу. Бұл тұрғыда Самарқанд (Залеман) транскрипцияланған қолжазба нұсқасы негізге алынып, тілдік қабаттардың ерекшеліктері мен олардың мәдени лексикаға ықпалы қарастырылады.

Мақаланың өзектілігі – тілдің сөздік құрамына енетін бірліктердің тарихи кезеңдерде семантикалық өзгерістерге ұшырап, актив пен пассив қолданыс арасында ауысып отыруы, сондай-ақ араб, парсы және түркілік қабаттардың өзара ықпалдастығы арқылы мәдени лексиканың байытылуы. Бұл үдерістерді нақты тілдік деректермен дәйектеу қазіргі тіл білімінде маңызды мәселе болып табылады.

Зерттеу барысында сипаттау, тарихи-салыстырмалы, лингвистикалық және филологиялық-деректанулық әдістер қолданылады. Ясауи қолданысындағы араб, парсы сөздері сараланып, олардың дыбыстық, сөзжасамдық және семантикалық ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, «кірме сөздер», «варваризмдер», «аэлогизм», «неолексизм» сияқты терминдерге назар аударылып, олардың мәдени лексикадағы орны айқындалады

Мақаланың құндылығы мына тұжырымдармен байланысты: біріншіден, Ясауи шығармаларының тілін дұрыс тану үшін қолжазбалар мен басылымдарды жеке-жеке қарастырудың қажеттігі; екіншіден, сөздік құрамның дамуына ықпал ететін тілдік бірліктерді саралап, олардың қызметін нақтылау; үшіншіден, араб-парсы кірме қабатының төл түркілік негізбен диалогта дамып, тарихи семантикалық өзгерістер арқылы жаңа мағынаға ие болуы.

Зерттеу нәтижелері Ясауи шығармаларындағы мәдени лексиканың тілдік қабаттардағы үлесін айқындап, теориялық тұрғыдан тереңдетіп қана қоймай, практикалық маңызын да арттырады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles