ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚАЗІРГІ АРАБИЗМДЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ МЕН ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.014Кілт сөздер:
экстралингвистикалық факторлар, төл сөз, кірме діни сөздер, тіл қызметі, диахрондық, синхрондық әдістер, жаңа атаулар, сөздік қор, тілдік ахуалАннотация
Қазіргі түркі тілдерінде жаңа діни атауларға қатысты мәселе өзекті, зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі. Себебі жаңа діни атаулардың тілімізде қолданыс аясы күннен күнге қарқынды түрде дамып келеді және олар төл сөздерімізді тілдік қолданыстан ығыстырып шығаруда. Бұл зерттеудің мақсаты – қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа діни атаулардың пайда болуы мен таралу себептерін анықтау, олардың мағыналық және функционалдық ерекшеліктерін талдау. Мақалада қазіргі қазақ және түрік тілдерінде актив қолданыста жүрген діни атаулар талданады. Діни атаулардың қарқынды түрде аталған тілдерде қолданысқа ену себептері сауалнама алынуы арқылы анықталады. Мақаланың зерттеу нысаны – қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа діни атаулар – сауалнамаға қатысқан респонденттер жауабының негізінде жинақталды, ал олардың мағыналарына талдау жасауда Р.С.Мухитдиновтың «Діни терминдер сөздігі» қолданылды. Жаңа діни атауларды зерттеу барысында тілімізге ерте кезеңде енген қазақ және түрік тілдеріндегі діни атаулармен қазіргі жаңа діни атаулар салыстырмалы тұрғыда қарастырылып, айырмашылықтары нақты дәлелдермен айқындалды. Аталған тілдердігі жаңа діни атаулардың тілдік қолданысқа белсенді ену себебі еліміздегі ислам дінінің ықпалымен тікелей байланысты деген тұжырым жасауға болады. Бұл осы мақсатта жүргізілген сауалнама нәтижелерінен анық байқалды. Зерттеу барысында ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, практикалық материалдармен байланыстырылды. Қазақ және түрік тілдерінде жаңа діни атаулардың қалыптасуына қатысты факторлар жан-жақты зерттелді, тұжырымдар жасалды. Талдау негізінде жаңа терминдердің негізгі лексикалық-семантикалық ерекшеліктері айқындалады. Алдағы уақытта басқа түркі тілдеріндегі діни лексикаға салыстырмалы түрде кеңірек талдау жүргізіп, оның жастар сленгіне және медиа дискурсқа әсерін зерттеу ұсынылады.





