МҰХТАР ӘУЕЗОВ ПЕН ЭРНЕСТ ХЕМИНГУЭЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК САБАҚТАСТЫҚ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.034Кілт сөздер:
Әуезов, Хемингуэй, салыстырмалы әдебиеттану, көркемдік үндестік, психологизм, символизм, гуманизм, айсберг әдісі, проза, адам мен табиғат, әдеби ықпалдастық, соғыс тақырыбы, рухани байланысАннотация
Бұл мақала Мұхтар Әуезов пен Эрнест Хемингуэй прозаларындағы көркем әдеби сабақтастықты салыстырмалы әдебиеттану тұрғысынан талдауға бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты – ұлттық және тарихи-мәдени ортасы әртүрлі екі қаламгер шығармаларындағы ортақ идеялар мен көркемдік ізденістер үндестігін анықтау. Атап айтқанда, адам мен табиғат арасындағы байланыс, рух беріктігі, өмір мен өлім арпалысы, соғыс пен зорлыққа қарсылық сияқты жалпыадамзаттық тақырыптардың көрінісі екі автор прозасында салыстырыла зерттеледі.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы – Әуезов пен Хемингуэй шығармалары арасындағы терең көркемдік және рухани үндестіктің мәнін және оның әдебиеттегі ерекшеліктерін кешенді түрде қарастыру. Практикалық маңыздылығы екі әдебиет өкілі шығармашылығы негізінде мәдениетаралық ықпалдастықты, көркемдік әдіс пен стильдік ізденістердің жаһандық әдеби үдерістегі орнын анықтаумен түсіндіріледі. Зерттеу барысында компаративистік, интертекстуалдық, стилистикалық және контент-талдау әдістері қолданылды.
Талдау объектісі ретінде «Көксерек» пен «Шал мен теңіз», «Қилы заман» мен «Қош бол, майдан!», «Қараш-Қараш оқиғасы» мен «Қоңырау кімге соғылады» сынды шығармалар алынды. Зерттеу нәтижесінде екі қаламгердің психологизм мен символизмге ден қоюы, «айсберг әдісі» мен астарлы монолог секілді көркемдік құралдарды қолдану ерекшеліктері айқындалды. Сонымен қатар қаламгерлердің гуманизм идеясы мен рухани төзімділік, әділет үшін күрес сынды моральдық-этикалық ұстанымдарындағы ұқсастығы сараланды.
Ұсынылған зерттеу жұмысында қазақ әдебиетінің әлемдік әдеби кеңістікпен тоғысуындағы көркемдік ықпалдастық мүмкіндіктеріне тоқтала келе, Әуезов пен Хемингуэй шығармашылығының рухани туыстығын жаңа қырынан бағамдауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерін салыстырмалы әдебиеттану, мәдениеттану, көркем аударма теориясы салаларында қолдануға болады.





