ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ «ЭКОНОМИКА» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДА ҚАЗҰУ (ҚР) ЖӘНЕ ЦИНХУА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ (ҚХР): ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ

Автор(лар)

  • Лай Чуньлань Казахский национальный университет им. аль-Фараби
  • Туманова А. Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.013

Кілт сөздер:

экономикалық терминология, лингвистикалық тәсіл, білім беру бағдарламасы, салыстырмалы-салғастырмалы талдау, құрылымдық-семантикалық талдау, экономиканы оқыту, экономист-маман, терминологиялық құзыреттілік

Аннотация

Бұл мақалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытайдың Цинхуа университеті мысалында Қазақстан мен Қытайдағы экономика пәндерін оқыту үдерісіндегі экономикалық терминологияның орны, ерекшеліктері мен жіктелуі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты әртүрлі саяси-экономикалық және білім беру жүйелері жағдайында экономикалық терминдердің қалыптасу заңдылықтарын, семантикалық сипаттарын және оларды оқыту ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Зерттеу материалы ретінде Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары, оқулықтары және экономикалық терминологиялық сөздіктері алынды. Зерттеудің әдіснамалық негізі талдау мен синтез, жалпылау және жіктеу, салыстырмалы-салғастырмалы, құрылымдық-семантикалық және сипаттамалық әдістерді қолдануға негізделген. Зерттеу нәтижелері Қазақстан мен Қытайдағы экономикалық терминологияның сипаттамалары мен жіктелуіндегі айырмашылықтар білім беру жүйелерінің ерекшеліктерімен және кәсіби бағытталған тілдік оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерімен байланысты екенін көрсетті. Қазақстандық жоғары оқу орындарында үштілді білім беруді дамытуға және цифрлық терминологиялық ресурстарды пайдалануға басымдық берілсе, Қытайда терминдерді контекст арқылы меңгеруге, кәсіби мәтіндерді талдауға және экономикалық дамудың динамикалық жағдайында студенттердің практикалық терминологиялық құзыреттілігін қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Зерттеудің ғылыми құндылығы оның экономикалық пәндердің терминологиялық жүйесін Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарында мәдениетаралық және пәнаралық тұрғыдан жүйелі талдауында жатыр, бұл жоғары оқу орындарында экономикалық терминологияны оқыту әдістемесін дамытуға ықпал етеді. Практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік материалдарды және экономикалық мамандықтарға арналған терминологиялық сөздіктерді әзірлеуде, сондай-ақ экономикалық терминология курсын жүргізетін оқытушылардың біліктілігін арттыруда қолдану мүмкіндігі.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles