ҚАРА ӨЛЕҢДЕРДЕГІ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ КОГНИТИВТІК-ФОЛЬКОРЛЫҚ

Автор(лар)

  • Испандиярова А.Т. Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова
  • Досова А.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.037

Кілт сөздер:

мәтін, концепт, фрейм, өнер, өмір, фольклор, рухани құндылық, символдық бейнелер

Аннотация

Мақалада қара өлеңдердегі рухани құндылықтардың когнитивтік-фольлорлық бейнесі қарастырылған. Талдау нысанына Бабалар сөзі жүзтомдығына енген Қара өлеңдер жинағы алынды. Білім, ақыл, ақ, өнер, домбыра сөздеріне Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздіктерінен түсініктемелер беріліп, мән-мағынасы ашылды. Қара өлеңдердегі тілдік бірліктердің мазмұны мен тәрбиелік мәні концептуалдық талдау жүргізу кезінде ашылды. Білім, ақыл, ақ, өнер, домбыра ұғымдарының мазмұнын ашатын фреймдік құрылымдар зерделенді. Фольклорлық мәтіндердегі тілдік бірліктердің когнитивтік сипатын ашу халықтың ақиқат дүние туралы көзқарасын, мәдени танымы мен тұрмысын айқындайтын тілдік деректерді тануға мүмкіндік береді.

Жұмыстың мақсаты – қара өлеңдерде көрініс тапқан білім, ақыл, ақ, өнер, домбыра ұғымдарының мәнін ашу, олардың мәдени-танымдық сипатын айқындау және тілдік-мәдени жадтағы орнын анықтау.

Мақаланың өзектілігі когнитивтік лингвистика саласындағы зерттеулердің ұлттық танымды, тіл мен шындық болмыстың өзара байланысын айқындауға бағытталуымен айқындалады. Зерттеу лингвомәдениеттану, фольклортану, әдебиеттану бағыттары аясында жүргізілген.

Зерттеу барысында талдау және жинақтау, сипаттау, салыстырмалы, тұжырымдау, концептілік талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде қазақ халық лирикасының тілін мұқият талдау барысында фольклорлық шығармалардағы халық санасындағы рухани құндылықтарды айқындайтын тілдік бірліктер мен лексемалардың мән-мағынасын ашатын фреймдер, ойсурет, сценарийлік және схемалық құрылымдар жинақталып, оларға талдау жүргізілді. Алынған нәтижелер когнитивтік лингвистиканың дамуына үлес қосады.

Зерттеудің ғылыми құндылығы зерттеу нәтижелерін бағалау теория-сын одан әрі тереңдетілген талдауға белгілі бір үлес қоса алатындығымен айқындалады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным, этнолингвистика сияқты тіл білімінің жаңа бағыттарына қосылған үлес болып табылады деген ойдамыз. Сондай-ақ зерттеу нәтижелерін  көркем  мәтін лингвистикасы,  фольклортану,әдебиеттану пәндері бойынша оқылатын дәрістер мен арнайы курстарда пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles