ГЕНДЕРЛІК ДИСКУРСТЫҢ TED TALKS БАЯНДАМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.2.81.016Кілт сөздер:
дискурс, гендерлік дискурс, TED Talks, TED Talks баяндамалары, мақсатты аудитория, сөйлеу жанры, прагматикалық әсер, сөйлеу стратегиясыАннотация
Гендерлік лингвистика қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі ретінде қалыптасып отыр, әрі оның зерттеулері дерлік барлық қазіргі жазба тілдерге негізделеді. Қазіргі таңда тіл және гендер мәселелерін зерттеу дискурсты тереңірек талдауға негізделген кешенді бағытқа айналды. Мақалада тіл біліміндегі гендерлік дискурс мәселелері жан-жақты талданады. Гендерлік дискурс ұғымының теориялық негіздері, оның лингвистикалық, прагматикалық және мәдени қырлары қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты – гендерлік дискуртың тілдік, прагматикалық және интерактивтік ерекшеліктерін анықтап, оны медиадискурстың дербес түрі ретінде сипаттау және адресант пен адресаттар арасындағы дискурс құраушы параметрлерін анықтау. Зерттеу міндеттері – гендерлік дискурстың теориялық негіздерін айқындау, оның тілдік, прагматикалық және интерактивтік ерекшеліктерін талдау, медиадискурс жүйесіндегі орнын анықтау және адресант пен адресат арасындағы дискурс құраушы параметрлерді жүйелеу. Зерттеу әдістері ретінде контент талдау, дискурстық талдау, прагматикалық интерпретация әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде TED Talks баяндамасының жиырма эпизоды төрт тақырыптық бағытқа топтастырылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен құндылығы отандық тіл білімінде гендерлік лингвистиканың қалыптасу сипаты айқындалып, алғаш рет TED Talks баяндамалары негізінде талдау, оның лингвистикалық және эксталингвистикалық қырын ашумен анықталады. Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы – подкаст дискурсын медиа-лингвистикалық және прагмалингвистикалық тұрғыдан зерттеу арқылы заманауи коммуникациядағы жаңа тілдік формалардың табиғатын түсіндірумен айқындалады. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін «Медиадискурс», «Гендерлік лингвистика» секілді пәндер аясында оқу материалдары ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, практикалық сабақтарда TED Talks материалдарын тіл үйрету, медиа сауаттылық пен коммуникация мәдениетін қалыптастыруда тиімді құрал ретінде қолдану мүмкіндіктерімен негізделеді. Қорытындыда зерттеу нысаны болған гендерлік дискурс қазіргі таңда отандық лингвистикада қарқынды дамып келе жатқан тіл білімінің саласы екендігі дәлелденді. Зерттеу нәтижелері гендерлік дискурсты одан әрі қарастыруға теориялық негіз бола алады.





