КӨПТІЛДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУ

Автор(лар)

  • Наубай Б.Н. Interntaional Information Technology University
  • Кузембекова Ж.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.032

Кілт сөздер:

мәдениетаралық коммуникация, мәдениетаралық құзыреттілік, көптілділік, бағалау, коммуникативтік мінез-құлық, эмпатия, қабылдау, мәдениет

Аннотация

Зерттеп отырған мақалада мәдениетаралық құзыреттілік және оны көптілділік үдерісіндегі бағалау қарастырылады. Мақалада мәдениетаралық құзіреттіліктің анықтамалары, негізгі ерекшеліктері, көптілділік және оның мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға әсері, мәдениетаралық құзыреттілікті бағалау мақсаты, бағалаудың негізгі құралдары, мәдениетаралық құзыреттіліктегі көптілділіктің артықшылықтары қарастырылады. Мақаланың мақсаты – шетел тілдерін меңгерген және көптілді құзыреттерге ие студенттердің жоғары деңгейде мәдениетаралық құзыреттілікке ие екенін негіздеу, сондай-ақ мәдениетаралық құзыреттілікті бағалаудың маңыздылығын ашып көрсету және оған қатысты мәселелерді айқындау.

Зерттеу сұрақтары мәдениетаралық құзыреттілікті анықтауға бағытталған; мәдениетаралық құзіреттіліктің маңызды белгілерін беру; мәдениетаралық құзыреттілікті бағалаудың негізгі себептерін және мәдениетаралық құзыреттілікті бағалайтын тәсілдерді анықтау; мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуды шет тілін оқыту міндеттерінің бірі ретінде көрсету; және мәдениетаралық құзыреттіліктің артықшылығы және негізгі үлесі ретінде көптілділік бойынша білім мен рөлін анықтау.

Зерттеу әдістеріне сипаттамалық, салыстырмалы, аналитикалық және прагматикалық және когнитивтік талдау кіреді. Зерттеу нәтижесі ретінде мәдениетаралық құзыреттілікті өлшеуге бағалауға болады, бірақ дұрыс форматты, әдістерді және стратегияларды таңдауымыз керек, ол ешқашан толық бағалана алмайды, бірақ оны дәрісте және дәрістен тыс дамытуға болады және көп тілді меңгерген тұлғалар мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыруда көбірек артықшылықтарға ие деп айта аламыз. Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы – мәдениетаралық құзыреттілік лингвистикалық тұрғыдан қарастырылады және ол шет тілін оқытуда қалыптасатын негізгі құзыреттердің бірі болады, сонымен бірге көптілді тұлғалар мәдениетаралық құзыреттілікке оңай ие болады. Көптілділік үдерісіндегі мәдениетаралық құзыреттілік мәдениетті терең түсінуге, коммуникативті дағдыларды жақсартуға, мәдени дүниетанымға қол жеткізуге және шынайы қарым-қатынастарды құруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles