САПАРҒАЛИ БЕГАЛИН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

Автор(лар)

  • Ибрайханова А. ЕНУ им. Л.Н.Гумилева
  • Альтай А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.032

Кілт сөздер:

қазақ поэзиясы, балалар әдебиеті, эпикалық жанр, ерлік істер, әлеуметтік-тарихи тартыс, адами құндылық, саяси оқиға, жанрлық ерекшелік

Аннотация

Бұл мақалада қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі С.Бегалиннің «Абақ арманы», «Баян жүрек» поэмалары негізге алынған. Мақаланың басты мақсаты –ақын поэмаларындағы тарих тағылымын ашып көрсетіп, заман талабына сай жаңаша зерделеу. Мақалада поэма терминіне берілген анықтамалар сараланып, әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасалынды. С.Бегалиннің шығармаларына берілген ғылыми тұжырымдардың танымдық сипаты туралы пікір білдірген әдебиет зерттеушілері Қ.Ергөбек, Қ.Алпысбаев, А.Нұрқатовтың еңбектері басшылыққа алынды. 

Мақаланың ғылыми маңыздылығы: С.Бегалин  поэмаларындағы ел мен жер тағдыры, халық арасынан шыққан дара тұлғаның тағдырын бейнелеген шығармаларының тақырыптық және көркемдік қуаты зерделенді. Ақын поэмаларының көркемдік-идеялық ерекшеліктері  талданып, кейіпкер бейнесін жасау, олардың рухани дүниесін ашу сияқты көріністерді шебер суреттегені жайлы айтылды.

Мақаланың негізгі теориялық тұжырымдары қазақ әдебиетінің тарихы мен балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосады деп ойлаймыз. Сондай-ақ зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған пәндерді оқытуда, арнаулы семинарлар жүргізуде пайдалануға болады.

Эпикалық жанрдың тамырын тереңге жайған, бастауын сонау ауыз әдебиетінен алатын көне түрі – тарихи жырлар. Тарихи жырлар негізіне өмірде анық болған әлеуметтік, саяси оқиғалар алынады. Тарихи жырларда ақынның дәл өз дәуірінің заманалық оқиғасы сөз болады. Ол уақыт өте келе барып қана тарихи сипат алады. Тарихи жырлар бір дәуірдің емес, нақтылы әлеуметтік-тарихи тартыстардың елесі.

Ғасырлар бойында кең байтақ қазақ жеріне, оның қазына байлығына қызығып, құныға шапқан дұшпандарға қарсы өрлік пен ерлік, қайсарлық пен қаһармандық танытқан ерлердің ісі жайлы көптеген эпостық жыр туған. Ел қамын ойлаған, жер тұтастығы үшін атқа мінген, соңына дүйім елді ертіп, дұшпанына атой салған ержүрек батырлардың биік тұлғасын жасау, олардың ерлік істерін дәріптеу кеңес дәуірі кезіндегі ақындардың шығармаларынан кең орын алды.

Ал С.Бегалин поэмалары өз заманының көкейкесті мәселелерін қамтып, тарихи жайларды қалт жібермей, дәл де көркем бейнелеуімен ерекшеленеді. ХХ ғасыр басында қазақ поэзиясында поэма жанрының қалыптасуына өзіндік үлес қосқан С.Бегалиннің тарихи тақырыпқа арнап жазылған «Абақ арманы», «Баян жүрек» поэмалары сан қырлы шығармашылығының бір биік белесі.

Жұмыста сипаттау, жүйелеу, жинақтау, тұжырымдау әдістері қолданылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи