ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІ

Автор(лар)

  • Баяндина С.Ж. КазУМОиМЯ имени Абылай хана

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.002

Кілт сөздер:

тіл саясаты, тілдік ахуал, тілдердің қызмет етуі, мемлекеттік тіл, орыс тілі, аймақ, аймақтық аспект, көші-қону

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының аймағындағы тілдік ахуалды қалыптастыру мәселелері баяндалған. Мақаланың мақсаты – тілдік ахуалдың сипатына, сондай-ақ мемлекеттік және басқа да тілдердің дамуына әсер ететін саяси, әлеуметтік, географиялық, демографиялық, көші-қон факторларына талдау жасау.

Мақала тақырыбының өзектілігі еліміздегі тілдердің қызмет етуінің аймақтық аспектісі, оның әлеуметтік лингвистикалық мәселелері жеткілікті түрде зерттелмегендігімен негізделеді. Зерттеулердің көпшілігі елдегі тіл мәселесін тұтастай қарастырады. Қазақстан Республикасы – әртүрлі этностар тұратын көптілді мемлекет. Мұндай көпэтностық пен көптілділік аймақтар бойынша да біркелкі таралмағандығын, әр аймақтағы этникалық және тілдік ахуалының тең еместігін аңғартады.

Мақаланың ғылыми жаңалығы – әлеуметтік лингвистикалық зерттеулердің аймақтық аспектісінің жаңа статистикалық деректерге, сондай-ақ соңғы онжылдықтарда қалыптасқан республикадағы қазіргі заманғы геосаяси және әлеуметтік қатынастардың сипатына негізделуінде.

Мақалада әлеуметтік лингвистикалық зерттеу әдістері: талдау, синтездеу, бақылау, статистикалық әдіс, салыстыру және салғастыру әдістері және т.б. қолданылды.

Зерттеудің теориялық негізін белгілі шетелдік және қазақстандық әлеуметтік лингвистикалық бағыттағы еңбектер, көптілді мемлекеттердегі тілдердің қызмет ету  мәселелерін қамтитын заңнамалық құжаттар құрайды.

Мақаланың практикалық маңыздылығы – жоғарғы оқу орындарында жалпы тіл білімі және әлеуметтік лингвистика бойынша лекциялар мен семинар сабақтарын өткізуде, дипломдық жұмыстарды, магистрлік және докторлық диссертацияларды жазуда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда қолдана алады.

Халық санағы материалдарының негізінде этностарды бөлу туралы статистикалық деректерді талдау нәтижесінде мақала авторы қалыптасқан тілдік жағдайдың сипаты мемлекеттік және басқа тілдердің жұмысына әсер етеді деген қорытындыға келеді. Геосаяси жағдай, экономикалық тұрақсыздық, орыс тілінде сөйлейтін халықтың басым болуы, туу деңгейінің төмендігі, ішкі және сыртқы көші-қон ерекшеліктері, қала халқының ауылдан басым болуы, Солтүстік және Шығыс өңірлердегі қоғамдық өмір салаларында орыс тілінің басым қолданылуы мемлекеттік тілді дамытуда тежеуші фактор болып табылатыны анықталды. Оңтүстік және Батыс аймақтарда мемлекеттік тілдің басымдылығын – титулды ұлттың басқа этностармен салыстырғанда басым болуы, қазақ тілінде оқытатын оқу орындарының саны жағынан, сондай-ақ қазақ тілінің қоғамдық өмірдің көптеген салаларында қолданылуынан екенін байқай аламыз.          

Мақала авторы мемлекеттік тілді дамыту үшін аймактык аспектіні ескеру және қажетті ғылыми-практикалық ұсыныстарды әзірлеу қажет деген қорытындыға келеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-28

Жоба

Раздел

Статьи