ЗАМАНАУИ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРС ЕРЕКШЕЛІГІ

Автор(лар)

  • Куанышбаева А.Н. kazakh ablai khan university of international relations and world languages
  • Махпиров В.У.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.013

Кілт сөздер:

экологиялық дискурс, эколингвистика, парниктік эффект, климаттық дағдарыс, ғылыми дискурс, медиадискурс

Аннотация

       Аңдатпа. Қазіргі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйеде үлкен өзгерістер орын алып жатыр, соған байланысты ана тілімізде түрлі терминдер мен ұғымдар пайда бола бастады. Экологиялық мәселені әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі десек қателеспейміз. Қазіргі таңдағы экологиялық мәселелер өрбіп, осы тақырыпқа байланысты жазылған түрлі басылымдардың аудармасы да көбейіп жатыр. Экологиялық дискурс ұғымына жеке және жалпы сипаттама беру, сонымен қоса оның мазмұнын анықтаудың басты себебі, экология мәселесі қоғамның іс әрекетіне еніп, дискурсивті түрде әсер етумен ерекшеленеді.  

       Бұл жұмыс заманауи экологиялық дискурстың ерекшеліктеріне арналған. Аталмыш мақалада экологиялық дискурстың белгілі бір оқырманға бағытталуы жөнінде жазылған. Мақалада осы мәселе бойынша біршама мысалдар қарастырылған. Жұмыстың өзектілігі қоғамның экологиялық мәселеге  деген үлкен қызығушылығымен, сондай-ақ лингвистердің  әр түрлі жағдайда кездесетін жанрдағы көптеген мәтіндерді зерттеуге назарымен ерекшеленеді. Экологиялық дискурс бойынша ақпараттың әлеуетті тұтынушыларын анықтайтын арнайы критерийлердің бар екендігі дәлелденді. Ағылшын тіліндегі экологияға қатысты «Ecologist», «National Geographic», «Concerned Scientists» және «Organic Matters» журналдарының қазіргі кездегі мақалалардың материалдары негізінде экологиялық дискурс мәтінінің ұйымдастырылуы әлеуетті адресатқа байланысты екендігі көрсетілді. Сондай-ақ, дискурс, экологиялық дискурс және оның классификацияларына ауқымды  анықтама берілді. Бұл жұмыс экологиялық дискурс мәтіндерінің ұйымдастырылуы әлеуетті реципиентке тәуелді екендігін көрсетеді.             

       Қоғамдағы экономиканың, мәдениеттің, ғылым мен білім салаларының өзгерістері ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесінің нығаюына септігін тигізеді. Сәйкесінше, әр саладағы дискурс негізіндегі терминологиялық жүйені жетілдіру өзекті мәселелердің біріне айналуда. Жұмыстың негізгі мақсаты – экологиялық дискурс шеңберінде ағылшын тіліндегі лексеманыың құрылымдық ерекшеліктерін анықтап, оған жалпы сипаттама беру. Талдау жұмысы негізінде экологиялық дискурсты зерттеу, ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктерін анықтау қажет болды. Зерттеу жұмысында сипаттау, лексика-семантикалық, саралау, құрылымдық         талдау, салыстырмалы әдістер кеңінен қолданылды. Ағылшын тіліндегі экологиялық дискурстарда көрініс тапқан экологиялық терминдер қазақ тіліне негізінен транслитерация, транскрипция, калька, сөзбе-сөз аударма, экспликация немесе сипаттау сияқты стратегиялар арқылы аударылады. Эколингвистика ғылымын филология факультеттерінде арнайы пән ретінде енгізуге болады. Жұмыстың нәтижелері осы салада курстар жүргізуде және лингвистика, терминология пәндерінде практикалық және семинар сабақтарында қолдануға болады. 

       Тірек сөздер: экологиялық дискурс, эколингвистика, парниктік эффект, климаттық дағдарыс, ғылыми дискурс, медиа дискурс, саяси дискурс.

   

      

 

 

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи