КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ СӨЙЛЕУ ЕТІСТІГІНІҢ МЕТАМӘТІНДІК ҚЫЗМЕТІ (ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІ МЫСАЛЫНДА)

Автор(лар)

  • Кущегалинова А.К. Университет Нархоз
  • Исмағулова Б.Х.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.009

Кілт сөздер:

метамәтін, сөйлеуші, сөйлеу, айтылым, сөйлеу әрекеті, тура сөйлеу, сөйлеу етістіктері, прагматика, адресат

Аннотация

Бұл мақалада қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі сөйлеу етістіктерінің көркем мәтіндегі прагматикалық қызметтерінің бірі – шығарманы түсіну және адекватты түсіндіру үшін аса маңызды болып табылатын метамәтіндік қызметке талдау берілген. Метамәтіндік мәлімдемеде қиылысатын сөйлеу етістіктері көркем мәтіннің құндылық кеңістігін аша отырып, оқырманға кейіпкерлердің сөйлеуі мен қарым-қатынасы арқылы автор  ойын дәлірек қабылдауға мүмкіндік береді.

Мақаланың мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын әдеби мәтіндеріндегі сөйлеу етістіктерінің метамәтіндік жүктемесін салыстырмалы талдау, ол зерттелетін тілдің сөйлеу етістіктерінің метамәтіндік әлеуетін меңгеру арқылы мәдениетаралық өзара әрекеттесуді жақсартуға қосымша мүмкіндіктер ашу болып табылады. Аталған тілдердің бірінде жасалған көркем шығармалардағы, яғни түпнұсқадағы, негізгі мәтін мен қосалқы, аударылған мәтіндегі сөйлеу етістіктерінің метамәтіндік қызметін талдау – реципиентті шығармаға тереңірек енуге және  оны неғұрлым  түсінуге алып келеді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы аталған етістіктердің үш түрлі тілдік жүйенің элементтері және көркем шығарманың маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі метамәтіндік қызметін салыстырмалы талдауда, яғни осы нақты контексте олардың ортақтығы және өзгешелігін көрсетудегі ерекшеліктері интерпретатордың прагматикалық және лингвокогнитивтік потенциалы мен композициялық-ұйымдастырушылық мүмкіндігі мен басқа да қызметтерін анықтауда құнды болып табылады. Оқырманның көркем мәтінді қабылдауы тұрғысынан алғанда, бұл етістіктер көбінесе белгілі бір маркерлермен тіркесіп, оның назарын автор берген композициялық байланыстарды ашуға бағыттайды және сол арқылы шығарманы адекватты түрде түсіндіруге ықпал етеді.

Жұмыста салғастырмалы, прагматикалық, семантикалық, контекстік талдау, филологиялық түсіндіру әдісі қолданылады.

Оның нәтижелерін көркем мәтінді зерттеп пайдаланудың практикалық маңыздылығы метамәтіннің құрылымдық-семантикалық және ұйымдастыру ықпалында болып табылады. Сөйлеу етістіктерінің метамәтіндік қызметін зерттеу барысында алынған қорытындылары cалыстырмалы лингвистика, мәтін талдауы, тіл теориясы, аударма курстарын оқытуда және т.б. пайдалануға болады.

Көркем мәтіндегі кейіпкердің тілдік таңбасын, белгілі бір мәдениеттің тасымалдаушысы ретіндегі автор әлемінің құндылық бейнесін сипаттау үшін етістіктердің метамәтіндік жүктемесін салыстырмалы түрде зерттеу, перспективалы болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-28

Жоба

Раздел

Статьи