ШЫҒЫС АЙМАҚТАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРДЫҢ ТІЛДІК АХУАЛЫНА ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.009Кілт сөздер:
мемлекеттік тіл, тілдік жағдай, тіл саясаты, аймақтық аспект, демографиялық фактор, сыртқы көші-қон, ішкі көші-қон, тілдің әлеуметтік функциялары, тілдік қызметАннотация
Көптілді мемлекетте тілдердің қолданылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай мемлекеттердегі тілдік жағдай тілдерді қолдануға әртүрлі факторлардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Мәселен, Қазақстан Республикасында қазақ тілі мен орыс тілінің қалыптасуына тарихи, саяси, географиялық, экономикалық, демографиялық факторлар әсерін тигізді. Бұл экстралингвистикалық факторлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Осы мақалада қарастырылып отырған демографиялық фактор республиканың тарихи дамуының әртүрлі кезеңдерінде тілдік жағдайдың қалыптасуына, мемлекеттік тілдің, орыс тілінің және басқа этностардың тілдерінің жұмыс істеуіне әсер етеді.9
Мақаладағы зерттеу тақырыбымыздың ғылыми жаңалығы – Қазақстанның шығыс өңіріндегі тілдік ахуалдың дамуына елеулі әсер еткен маңызды факторлардың бірі демографиялық фактор жеке қарастырылады.
Тілдік жағдайды зерттеудің теориялық негіздерін шетелдік және қазақстандық әлеуметтік лингвистердің еңбектері, тіл саясаты бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттар, халық санағының деректері, демографтардың жұмыстары және т. б. құрайды.
Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы қазіргі Қазақстан аумағын әлеуметтік-лингвистикалық аймақтарға бөлу және әр өңірдің тілдік жағдайына қарай мемлекеттік және басқа тілдердің дамуына атсалысу.
Мақалада: талдау, синтез, салыстырмалы әдіс, статистикалық әдіс, бақылау және т. б. ғылыми әдістері қолданылады.
Зерттеу нәтижелері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, жоғары оқу орындарында дәріс оқуда және әлеуметтік лингвистика, я жалпы тіл білімі бойынша семинар сабақтарын өткізуде, дипломдық жұмыстарды, магистрлік және докторлық диссертацияларды жазуда пайдаланылады.
Мақала авторлары көлемді статистикалық материалды пайдалана отырып, демографиялық деректерге сүйеніп, шығыс өңіріндегі тілдік ахуалдың сыртқы және ішкі көші-қон процестеріне байланысты ерекшеліктері бар екенін көрсетті. Этникалық 3 орыстар, немістер, украиндар, белорустар сияқты этностардың өңірден кетуі, қазақтардың шет елдерден келуімен сипатталады. Экономикалық тұрақсыздық ауыл тұрғындарын тұрақты табыс іздеп ірі елді мекендерге көшуге мәжбүр етеді. Демографиялық процестердің құрамдас бөліктерінің бірі халықтың табиғи өсімі: туу және өлім көрсеткіштері.
Тілдік жағдай қоғамдық өмір салаларындағы тілдер функцияларының көлемінің өзгеруіне алып келеді. Мәселен, аймақтағы білім беру саласында мемлекеттік және орыс тілдері басым тілдер ретінде көрсетілген.