ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ “СОҒЫС” КОНЦЕПТІСІ (М.МАҚАТАЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ)

Автор(лар)

  • Момбек А.А. КазНУ имени Аль-Фараби

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.033

Кілт сөздер:

жоғалған ұрпақ өкілдері, құрылымдық концепт, соғыс концептісі, , қазақ әдебиеті, соғыс тақырыбы, жорық жырлары, катарсис, фольклор, әдеби талдау

Аннотация

Аталған мақалада соғыс тақырыбында жазылған шығармалар тарихи әлеуметтік-мәдени контекстте қарастырылды.

Ғылыми-зерттеу мақалада көзделген негізгі мақсат -  соғыс тақырыбына жазылған шығармалардағы “соғыс” концептісінің танымдық ерекшелігін  айқындау.

Зерттеу  нысанына әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың мазмұндық ерекшеліктері негізге алынды. Оларды анықтау барысында майданға қатысқан ақын-жазушылардың шығармаларындағы соғыс тақырыбы сараланды. Майданға қатысқан және жастық не балалық шағы соғыс жылдарына тап келген ақын-жазушылар шығармалары басшылыққа алынып, зерттеу тақырыбына арқау болды.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы ретінде соғыс тақырыбына жазылған шығармаларға салыстырмалы-тарихи талдау жасау арқылы жеңген не жеңілген тарап ақын-жазушылары туындыларындағы соғыс концептісінің танымдық ерекшелігі қарастырылатынын айтуға болады. М.Мақатаев туындыларының көркемдік поэтикасы, тілдік құрылым ерекшеліктері тұрғысында зерттеу еңбектері жүргізілгенімен туындыларындағы соғыс тақырыбы тұрғысынан талданбағаны анықталды.

Зерттеу барысында М.Мақатаевтің тура не жанама түрде соғыс тақырын сипаттайтын туындыларының танымдық ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Қазақ және әлем әдебиетіндегі “соғыс” концептісін талдауда салыстырмалы-тарихи, компартивистикалық әдістер қолданылды.

Зерттеудің нәтижелері ретінде: М.Мақатаев шығармаларының негізгі идеялық мазмұны қарастырылып, туындыларындағы “соғыс” концептісінің танымдық сипаты айқындалды. Қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған шығармалар мен “жоғалған ұрпақ өкілдерінің” туындылары арасындағы ерекшелікке талдау жасалды. Мұндай ерекшеліктің орын алуы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың саяси-аймақтық ықпалымен байланысты. Сол себепті әдебиет тарихында соғыс тақырыбында жазылған туындылар өзекті болып табылады.

 Жүргізілген зерттеу жұмысы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі “соғыс” концептісінің ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми тұжырымдар Мұқағали Мақатаев туындыларындағы танымдық ерекшеліктерді анықтауға негіз болады.

Мақаланың практикалық маңызы: зерттеу  нәтижелерін жоғары оқу орындарында «Қазақ әдебиеті»,    «Әдебиеттану»,    «Әлем әдебиеті»  пәндерін оқытуда, аталған пәндер бойынша семинарларда қолдануға болады. Жұмыстың нәтижелері осы саладағы зерттеу жұмыстарына септігін тигізеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи