ӘДЕБИ АУДАРМАДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ (ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН/ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНЕ АУДАРМАЛАР НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.022Кілт сөздер:
көркем аударма, тарихи шығарма, І.Есенберлин, С.Елубай, Г.Лаяс, тарихи шындық, аударма трансформациясы, аударманың сәйкестігі, делдалдық аудармаАннотация
Тарихи роман жанры аудармашылар үшін когнитивтік жағынан да, тілдік жағынан да ғылыми қызығушылық тудырады. Тарихи шығарманың жанр құрушы ерекшеліктерінің алуан түрлілігі, шығарманың ұлттық-мәдени сипаттамасымен қатар, шығарманың өзіндік ерекшелігі мен автордың ниеті, аудармашының алдына адекватты мазмұнды бейнелеу міндетін қояды.
Қазақтың ұлттық-тарихи әдебиет туындыларын әлем тілдеріне, атап айтқанда, ағылшын тіліне аудару мәселесі қазіргі жағдайда бірінші орында тұр, өйткені бұл мәселе отаршылдыққа қарсы әдебиет тақырыбын жаһандық ауқымда өзекті етіп отыр.
Осы зерттеу аясында авторлар көркем шығармадағы тарихи шындықты көрсететін тілдік құралдарды аударудың түрлі жолдарын қарастырады. Қазақтың белгілі жазушылары І.Есенберлиннің «Көшпенділер. Алмас Қылыш пен С.Елубайдың «Ақ боз үй» Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғаларды баяндайтын тундылары олардың орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармалары, сондай-ақ британ журналисі және жазушысы Г.Лайастың «Kazakh Exodus» атты Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы болған оқиғаларды туралы деректі әңгімесі және оның қазақ тіліндегі аудармасы зерттеудің нысаны ретінде қарастырылды. Талдау барысында 100-ден астам лексикалық бірлік таңдалып алынып, лингвистикалық-мазмұндық талдау жүргізіліп, баяндалған оқиғалардың деректі және тарихи сипаты ашылды.
Бұл мақаланың мақсаты аударма процесіне қазіргі мәдени көзқарас тұрғысынан шығармалардың прагматикалық құндылығын сыни тұрғыдан бағалау, сонымен қатар аударматанудағы аударма трансформациясы, аударманың барабарлығы мен эквиваленттілігі сияқты өзекті ұғымдарды қарастыру болды.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы аударматану ғылымының бір саласы ретінде көркем аудармадағы мәдени бетбұрыс тұрғысынан тарихи шығармаларды аудару принциптерін өзектілендіруінде.
Шығармалардың аудармалық талдау материалы «Аударма ісі» мамандығының студенттері мен аудармашыларға көркем мәтіндерді аудару кезінде әдістемелік ұсыныс ретінде қолданылу мүмкінділігі зерттеудің практикалық құндылығы ретінде қарастырылуы мүмкін.