ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР МЕН ҒАЛАМТОР САЙТТАРЫНДАҒЫ АНГЛИЦИЗМДЕР

Автор(лар)

  • Жусубалина Ж.М. M.Auezov South Kazakhstan University
  • Карабаева Л.К.
  • Керимбаева С.Е.
  • Карабаева А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.008

Кілт сөздер:

ағылшын тілі, англицизмдер, масс-медиа, медиа империализм, кірме сөздердің жаңа классификациясы, қазақ тілі, БАҚ, медимәтін

Аннотация

Мақала барынша даулы лингвистикалық проблемалардың біріне: қазақ медиамәтіндеріндегі шет тілдік кірме сөздердің пайда болуына арналған. Соңғы онжылдықтағы саяси және экономикалық жағдайларға байланысты ағылшын тілі осы неологизмдердің негізгі қайнар көзіне айналды. Сол себепті бұл мақалада шет тілінен енген кірме сөздері дегенде англицизмдерді айтып отырмыз. Заманауи мәдениеттің медиаорталықтығы медиамәтінді кез-келген лингвистикалық жаңашылдықтың негізгі ортасы болып табылуында. Журналистердің мәтіндерінің лексикалық, стилистикалық ерекшеліктерінің қоғамның тілдік талғамдарын қалыптастырудағы әсері, оның қазақ әдеби тілін үлгілік меңгеру туралы түсініктері тілдік құралдарды сұрыптауға сыни көзқарасты енгізеді.

Зерттеу нысаны ретінде 2006-2023 жж. аралығындағы inform.kz, nur.kz, tengrinew.kz және massaget.kz онлайн басылымдарындағы жарияланымдар алынды. Ақпарат көздерін таңдауымыздың басты себебі – саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік тақырыптардың жан-жақтылығы мен Интернет желісіндегі жаппай таралымның болуында. Мақалада медиамәтіндерде қолданылған англицизмдердің уақытын, саласын, себептері мен сипатын анықтауға әрекет жасалды.

Зерттеу мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарының қазақ тіліндегі мәтіндерде англицизмдерді айқындау және олардың рөлін қарастыру, сонымен қатар, англицизмдердің жаңа классификациясын ұсыну.

Бұл жұмыстың өзектілігі қазақстандық медиакеңістік сыртқы ықпалға ашықтығына және оның тіл ахуалына ғана емес, сонымен бірге мәдениетке де ықпал ететіндігіне негізделген.

           Мақалада қазақстандық жаңалық таратушы сайттардағы англицизмдердің кірмелену үдерісі қарастырылады. Зерттеу барысында танымал лингвистердің пікірі келтіріледі, қазіргі заманауи медиамәтіндердегі кірме сөздердің рөлі мен құрамы қарастырылады. Зерттеудің басты әдісі мәліметтерді талдау болды. Зерттеу барысында кірме сөздердің жаңа классификациясы ұсынылады және қорытынды бөлімінде жүргізілген зерттеулер бойынша тұжырым беріледі.

Зерттеуде лингвистер жұмысын зерттеу, сөздік пен интернет-жарияланымдар мәліметтерін, ағылшын тілінің электрондық сөздігі мен қазақ тілінің ұлттық корпусының деректерін талдау, диахроникалық салыстыру әдістері қолданылды.

Бұл зерттеудің практикалық құндылығы - зерттеу нәтижелерін Лексикология, Терминология сияқты пәндері бойынша гуманитарлық бағытта білім беретін университеттердің оқытушылары мен студенттері қолдана алады.

Жинақталған материалдарды талдау нәтижесінде 2010 жылмен салыстырғанда англицизмдер санының артуы байқалды. Англицизмдерді қарастыру лингвисттер үшін ғана емес, мәдениеттанушылар үшін де, социологтар мен психологтар үшін де қызығушылық тудырады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи