КЕМЕЛ ТОҚАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МОНОЛОГ ПЕН ДИАЛОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Автор(лар)

  • Жунусова А. К. ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Турысбек Р.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.037

Кілт сөздер:

қазақ әдебиеті, детектив, монолог, диалог, кейіпкер психологиясы, тергеуші, жанр, бас қаһарман

Аннотация

Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі детектив жанрына үлес қосқан жазушы Кемел Тоқаевтың шығармалары талданады. Жазушы шығармаларындағы монолог пен диалогтың қызметі дәйектеледі.

Зерттеудің мақсаты – Кемел Тоқаев шығармаларындағы монолог пен диалогтің  құрылымын жан-жақты талдап, жазушының стилін анықтау. Осы мақстақа жету жолында шығармалардағы монолог пен диалогтарды жинақтап, топтастыру, олардың қызметін талдау қарастырылады.  Маңыздылығы – жазушы К. Тоқаевтың әр шығармасындағы диалогтың ерекшелігі айқындалып, автордың өзіндік қолтаңбасы, жазушылық шеберлігінің қырлары танытылады. Зерттеу нысанына К. Тоқаевтың «Түнде атылған оқ», «Сарғабанда болған оқиға», «Қастандық» атты шығармалары негізге алынды. Мақалада сипаттау, жинақтау, топтау, талдау әдістері қолданылды. Шығармаларда ізкесушінің өз-өзіне сұрақтар қою арқылы құрған монологі, ізкесушінің қасындағы жолдасымен құрған диалогі, немесе ізкесуішінің басқа кейіпкерлермен диалогі, күдіктілер мен  куәгерлерден жауап алу диалогі жан-жақты қарастырылып, мысалдармен талдау жасалынды. К. Тоқаевтың кез-келген шығармасында бірнеше монолог пен диалогтің кездесіп жататынын байқаймыз. Кейіпкердің оқиға барысыдағы ішкі сөйленісі, автордың өз монологы, диалогі тіпті өзге құбылыс иесі атынан берілген диалогтардың көптігі сонша, шығарманың өзі тұтас диалогке құрылғаны байқалады. Сондықтан да Кемелдің шығармаларындағы монологтар мен диалогтары тереңірек зерттеуді қажет етеді. Қаламгердің шығармаларындағы диалогтардың қызметі кейіпкер психологиясын жан-жақты ашып, кейіпкер образын қалыптастыруға қызмет етеді.

Мақаланың ғылыми маңыздылығы – мақала К. Тоқаевтың шығармашылығын ғылым саласына жаңа бір қырынан тануға септігін тигізеді деген ойдамыз. Практикалық маңыздылығы – жоғары оқу орындарының филология факультетіндегі «әдебиеттану» мамандығының студенттеріне, қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері сияқты пәндерді оқытуда пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи