АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ АДАМДЫ СИПАТТАЙТЫН АНТОНИМ КОМПОНЕНТТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРГЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.012Кілт сөздер:
фразеологизм, антоним компоненттер, семантикалық ерекшеліктер, мағына, эмоция, туыстық қарым-қатынас, іс-әрекет, салғастырмалы талдауАннотация
Мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі адамды сипаттайтын антоним компонентті фразеологизмдер мен олардың семантикалық, эмоционалды-экспрессивтік бағалау қызметтері қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты – салыстырылған тілдердегі адамды сипаттайтын фразеологизмдердің семантикасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау, сондай-ақ олардың ұлттық-мәдени бейнелену ерекшеліктерін айқындау. Бұл фразеологизмдерді зерттеу кезінде сол халықтардың ұлттық менталитеті мен мәдениетінің ерекшеліктері айқындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы ағылшын және қазақ тілдеріндегі адамды сипаттайтын антоним компонентті фразеологизмдерді салғастырмалы талдау болып табылады. Бұл зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы фразеологизмдерді лингвомәдениеттану аясында зерттеуге деген сұраныстың артуымен анықталады, сонымен қатар туыс емес екі тілдің фразеологизмдерін қарастырудың фразеологияның салғастырмалы тұрғыда одан әрі дамуына әсер етуінде жатыр.
Зерттеу мақсатына жету үшін зерттеуде жаппай іріктеу, салғастырмалы талдау әдістері қолданылып, оның барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді: фразеологиялық сөздіктерден антоним компонентті фразеологизмдер іріктеліп, фразеосемантикалық топтарға бөлінді, зерттеліп жатқан фразеологизмдердің қолданылу аясы айқындалды. Антоним компонентті фразеологизмдердің семантикалық ерекшеліктерін анықтау барысында «адамды сипаттайтын антоним компонентті фразеологизмдер фразеосемантикалық тобы» мен оның өз ішіндегі топшалары бөлініп қарастырылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы антоним компонентті фразеологизмдердің семантикасындағы әмбебап және ерекше белгілерін анықтауда жатыр. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер ағылшын және қазақ тілі фразеологиясы,антонимдері, лингвомәдениеттаным мәселелерімен айналысып жүрген тіл мамандарына қажетті ақпарат берері сөзсіз, сонымен қатар тіл білімі мен салғастырмалы талдау теориясының дамуына үлес қосады.