ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЖАЙ СӨЙЛЕМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ СИНОНИМИЯСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕНУІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.63.4.003Кілт сөздер:
жай сөйлем, үлгі, синоним, вариация, парадигмаАннотация
Мақала түркі тілдеріндегі жай сөйлемді зерттеуге арналған. Жай сөйлем тіл жүйесінің синтаксис деңгейінің негізгі бірлігі болып саналады. Қазіргі тіл білімінде синтаксистегі сөйлем үлгісі тіл бірлігі болып табылады. Жай сөйлем моделі жай сөйлем теориясының маңызды аспектілерін зерттеуге көмектеседі. Оларға синонимия сұрақтары мен жай сөйлем үлгілерінің түрленуі жатады. Модельдің өзі құрылымдық схема мен пропозициядан тұрады.
Бір пропозиция шеңберінде әртүрлі құрылымдық схемаларды бөліп көрсетуге болады. Дегенмен, үлгі деңгейіндегі жай сөйлемнің синонимі әлі де аз зерттелген. Мұнда изосемиялық және изосемиялық емес модельдер, гипермодель т.б ұғымдар қолданылады.Соған қарамастан түркі тілдерінің материалында синтаксистік синонимдердің салыстырмалы түрде толық сипаттамасы әлі де жоқ.
Көп жағдайда жай сөйлемнің синонимдерін шектеп, үлгілерін өзгерту мәселесі туындайды. Жай сөйлем моделінің құрылымдық және семантикалық нұсқаларын сипаттау үшін жай сөйлем моделі парадигмасы ұғымына жүгінген жөн. Бұл ұғым жай сөйлем үлгілерінің жүзеге асу формаларын зерттеу үшін қолданылады. Ол предикативтілік синтаксистік категориясымен байланысты. Жай сөйлем үлгілерінің парадигмасы предикат түріндегі
Мақалада қарастырылған мәселелер аспектісінде тағы бір перспективті ұғымы болып гипермодель ұғымы табылады. Мақала авторларының пікірінше, бұл үғым жай сөйлемнің үлгілеріне қатысты синонимдік блоктарды құруға көмектесе алады. Бүгінгі күні мұндай ұғым жай сөйлемнің етістік үлгілеріне қатысты салыстырмалы түрде толық сипатталған. Бұл ұғымды полипредикативті сөйлемге де жеткізуге болатыны анық.
Түркі тілдеріне жай және күрделі сөйлемдегі синтаксистік қатынастың білдіру тәсілдерінің изоморфизмі тән. Демек, гипермодель ұғымы түркі тілдерінің синтаксистік құрылымының осы екі деңгейіндегі синонимия мен вариацияны ажыратуға көмектеседі. Осы негізде синтаксистік құрылымдардың аналитикалық және синтездік даму тенденцияларын байқауға болады.