Б. СОҚПАҚБАЕВТЫҢ «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» ПОВЕСТІНДЕГІ РЕАЛИЯЛАРДЫҢ ТӘРЖІМЕЛЕНУІ (ТҮПНҰСҚА ЖӘНЕ АУДАРМА НҰСҚАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Автор(лар)

  • Абдрасил Н.С. КазНУ имени аль-Фараби
  • Жапарова А.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.021

Кілт сөздер:

аударматану, реалия, түпнұсқа, реципиент, транслитерация, транскрипция, қазақ балалар әдебиеті, повесі

Аннотация

Бұл мақалада кемеңгер жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі реалиялардың орыс және ағылшын тілдеріндегі аударма нұсқалары түпнұсқамен талданып, автор алынған зерттеу нәтижелерін талдау және талқылау арқылы ғылыми тұжырымдар жасаған.

Зерттеудің ғылыми мақсаты, негізгі бағыттары мен идеяларына – осы мақалада берілген мысалдарды талдау барысында қазақ аудармашысының түпнұсқаны орыс немесе ағылшын тілдеріне форенизациялап аударуы мен екінші тілге тікелей тәржімелеудің маңыздылығын дәйектеген.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы қаламгер Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі реалиялардың орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларын ресейлік, отандық аударматанушы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып өзара салыстыру отандық көркем аударманың практикасы мен теориясын, сапасын, сынын дамытады.

Зерттеудің әдіснамасы көркем аудармадағы түпнұсқа мен тәржіме нұсқаларын талдауда салыстырмалы әдістің орны ерекше екені туралы отандық аударматанушы ғалымдар Ж. Дәдебаев пен А.Алдашеваның концепциялары мен теориялары негізге алынды.

Зерттеу жұмысының нәтижелеріне қазақ транслатология саласына еңбек сіңірген ғалымдардың пікірлерін қолдай отырып, мақала авторлары жазушы Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін ағылшын тіліне қазақ тілінен тікелей тәржімелеу түпнұсқадағы ұлттық реалиялардың этно-мағыналық қабаттарының сақталуы мен доместикациялануына және келешек аудармашылардың тәржіме үдерісінің жеңілдеуіне ықпал ететіндігін дәлелдейді.

Зерттеудің құндылығы қазақ әдебиетшілері мен лингвистері тарапынан қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлердің тілдік тұлғасы мен когнитивтік аспектісі, мінез бен жағдай мәселесі, көркемдік-эстетикалық жақтары және қаламгердің суреткерлік шеберлігі қарастырылды, дегенмен, түпнұсқадағы реалиялардың орыс және ағылшын тілдеріне тәржімелену ерекшеліктерін талдау қазақ аударматану саласында қарастырылмаған, сондықтан бұл мақаланың зерттелуі қазақ транслатологиясының дамуына ықпал етеді.

Талдау нәтижесінде түпнұсқадағы реалияларды орыс және ағылшын тілдеріне аударуда тәржімеші тек аударма теориясы мен екі тілді жоғары деңгейде меңгеріп қана қоймай, сондай-ақ екі тіл реципиенттерінің ұлттық және мәдени ерекшеліктері мен  балалардың рухани, психологиялық және когнитивтік қабылдауын жан-жақты білетін маман болуы қажет деген тұжырым жасалды.  

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи