СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ БИЛИНГВТІҢ КОММУНИКАТИВТІК БІЛІКТІЛІГІ

Автор(лар)

  • mAltaieva A.Sh.anager

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.63.4.004

Кілт сөздер:

сөйлеу мәдениеті, сөйлеу этикеті, коммуникативті құзыреттілік, сөйлеу тұлғасы, сөйлеу жағдайы, қостілділік

Аннотация

Аталмыш мақаланың негізгі мақсаты - сөйлеу мәдениеті мен билингваның коммуникативті құзыреттілігі арасындағы байланысты көрсету. Сөйлеу мәдениеті ұғымы белгілі бір қарым-қатынас жағдайында байланыс мақсаттарына қол жеткізуге ықпал болатын тілдік құралдарды таңдау және ұйымдастыру қабілетін ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынас этикасының сақталуына әсерін тигізеді. Мақалада сөйлеу мәдениетінің адамның қоғамдағы рухани өмірінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі екендігі, сонымен қатар билингваның басқа тіл өкілдерімен мәдениетаралық және тіларалық қарым-қатынасқа қабілеттілігі мен дайындығы тұрғысынан коммуникативті құзыреті қарастырылады.

Сондай-ақ бұл жұмыста мемлекеттік стандарттың шет тіліне қатысты ұсынатын коммуникативтік құзыреттілік компоненттерінің сөздік мәліметтерін салыстыруға әрекет жасалды. Оларға сөйлеу немесе социолингвистикалық жағы жатады: сөйлеу әрекетінің түрлері; тілдік немесе лингвистикалық: тілдің аспектілері; әлеуметтік-мәдени: Оқытылатын тіл еліндегі мінез-құлық нормаларын білу: елтану сипатын, әдеп пен мінез-құлық нормаларын, құндылық бағдарларын білу; компенсаторлық: дене қимылдары, басқа тілдің қолданылуы; оқу-танымдық – ақпаратпен, мәдениетаралық қарым-қатынас теориясының ережелерімен жұмыс істеу стратегиясын зерттеу, оған сәйкес коммуникативтік құзыреттілік төрт компоненттен тұрады: 1) грамматикалық құзыреттілік (сөздер мен ережелердің тіркесін білу); 2) социолингвистикалық құзыреттілік (орындылық); 3) дискурсивті құзыреттілік (когезия және когеренттілік); 4) стратегиялық құзыреттілік (жағдайға сәйкес келетін коммуникативтік стратегияларды пайдалану).

Жұмыстың теориялық маңыздылығы коммуникативті-сөйлеу құзіреттілігін зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен анықталады, құзіреттілік тұжырымдамасы нақтыланады. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы - оларды ұлттық аудиторияда орыс тілін оқыту тәжірибесінде қолдану мүмкіндігі. Мақалада сипаттамалық әдіс, лингвистикалық және компоненттік талдау әдістері қолданылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-30

Жоба

Раздел

Статьи