ЭМОТИВТЕРДІҢ ЭТНОСТАРДЫҢ ТІЛДІК ӘЛЕМІНДЕ БЕЙНЕЛЕНУІ

Автор(лар)

  • Баяндина С.Ж., Абыканова Д.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.63.4.005%20%20

Кілт сөздер:

әлемнің тілдік бейнесі, тілдік сана, дүниенің орыс тіліндегі бейнесі, дүниенің ағылшын тіліндегі бейнесі, дүниенің қытай тіліндегі бейнесі, эмотивтер.

Аннотация

Мақала дүниенің әлемдік бейнесіндегі эмотивтердің көрінісін зерттеу мәселелеріне арналған. Дүние  бейнесі, дүниенің ғылыми бейнесі және дүниенің тілдік  бейнесі ұғымдарының арақатынасы қарастырылады.

Мақаланың мақсаты – әртүрлі этникалық топтар әлемінің тілдік  бейнесіндегі эмотивтерді салыстыру.  Қарастырылатын мәселенің зерттеу әдіснамасы тіл мен ойлаудың, тіл мен мәдениеттің байланыс теорияларына, эмотиология теориясына және әлемнің тілдік  бейнесі теориясына негізделген. Зерттеу әдістері: сипаттамалық, салыстырмалы, статистикалық, талдау және синтез әдістері.

Ғалымдардың дүниенің тілдік бейнесі туралы пікірлеріне талдау жасалған. Ғалымдардың пікірінше, әлемнің тілдік бейнесі тілдік тұлға концептісінде тезаурустық деңгейдің мәні мен мазмұнын  жеткізеді, ұлттық дүниетанымды көрсетеді және әртүрлі деңгейдегі тілдік бірліктермен белгіленеді. Дүниенің құндылық бағдарындағы  қарапайым құндылықтар бейнесі нақты экономикалық және саяси жағдайларға қарамастан ұзақ уақыт  жасайды. Ол этникалық бейімділіктер мен тарихи дәстүрлерге негізделген, ортақ тіл мен тәрбие негізінде қоғамның әрбір жеке мүшесінің сезімінен, парасаттылығы мен еркінен көрінеді, халықтық рухани мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Бұл мәдениет өзінің өмір сүруінің берілген аумағында халықтың этноментальдық кеңістігін жасайды.

Орыс, қытай, ағылшын тілдеріндегі дүниенің тілдік  бейнесінің ерекшеліктері сипатталған, олар адамның эмоционалдық күйін, шындықты бейнелеу процестерінде көрінеді.

Мақала авторлары дүниенің тілдік бейнесін белгілі бір адамзат қоғамының дүниетанымына негізделген дүние туралы тұтас және жүйеленген идеялардың жиынтығы ретінде  қарастыруды қолдайды. Осы анықтама негізінде орыс, қытай, ағылшын этностарының тілдік санасындағы Шаттық ұғымының ерекшеліктері қарастырылады.

Ұғымның өзегі номинативті сипаттағы тілдік бірліктермен бейнеленсе, шеткі бөлігінде синтаксистік байланысқан және фразеологиялық тұрғыдан сабақтас тілдік бірліктер бар.

Зерттеу нәтижелері университет тәжірибесінде лингвистикалық пәндерді оқытуда, магистранттар мен докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарында, сондай-ақ мәдени лингвистика және когнитивтік лингвистика мәселелеріне қызығушылық танытқан мамандар үшін пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-30

Жоба

Раздел

Статьи