БИЗНЕС-КОММУНИКАЦИЯ ТИПОЛОГИЗАЦИЯСЫНДАҒЫ ФУНКЦИОНАЛДЫ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ-КОММУНИКАТИВТІ ПАРАМЕТРЛЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.001Кілт сөздер:
бизнес-коммуникация, типологизация, Relational Pragmatics, мәдениетаралық коммуникация, бизнес-дискурс, коммуникация, әлеуметтік-прагматикалық типология, контекстАннотация
Берілген мақалада бизнес-коммуникация категориясы үшін типологияларды әзірлеу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады. Мақаланың мақсаты – бизнес-коммуникация типологизациясындағы критерийлерді анықтау. Бизнес-коммуникациядағы типологизация қатысушылардың орындарын анықтауды талап ететін келіссөздердегі коммуникативті-контекстік орта мен шарттарды айқындауға арналғанын атап өткен жөн. Осы аспектіде бұл мақала бизнес-дискурсты талдауда толығымен пайдаланылған коммуникация ұғымының ғылыми-теориялық және парадигмалық түсіндірмелерінің логикалық жалғасы болып табылады. Осыған байланысты авторлар кәсіби бизнес-коммуникацияның түрлерін жіктеудің критерийлерін анықтау, бизнес-коммуникацияның социопрагматикалық типологиясын социопрагматикалық интеркоммуникативті принциптермен бейімдеу мақсатында оларды жіктеу және құрылымдау міндеттерін қарастырады. Қойылған міндеттерді шешу үшін индикативтік когнитивтік-прагматикалық технология зерттелді, оның ішінде Relational Pragmatics (RP) ұғымының келесі компоненттері енгізілді: қатысушылар, тіл, контекст. Осы құжаттарды зерделеу және талдау мәдениетаралық бизнес-коммуникация стратегиясын талдауға мүмкіндік берді, ол интеграциялық қызметтен тыс оның құрамдас бөліктерінің қосындысынан гөрі маңызды және тиімді жаңа құрылым болып табылады деген қорытынды жасалды. Кейс стади және критикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы - бизнес-коммуникация категорияларын анықтауда. Зерттеудің теориялық маңыздылығы бизнес-коммуникацияны жіктеудің критерийлерін әр түрлі ғылыми көзқарастардан қарастыру болып табылады. Зерттеудің практикалық маңызы зерттеу нәтижелерін бизнес-коммуникация және релятивті прагматика пәндерін оқыту барысында қолдану мүмкіндігінде жатыр.