АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІҢ РӨЛІ

Автор(лар)

  • Беккожанова Г.К., Пазилова Б. Агабекова Б.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.63.4.013

Кілт сөздер:

интерактивті технологиялар, қарым-қатынас, шет тілін оқыту, пікірталас, рөлдік ойындар

Аннотация

Мақала ағылшын тілі сабағында диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыру мен дамытудағы интерактивті технологиялардың рөлін қарастыруға арналған. Интерактивті оқыту әдістері қалыптасқан құзыреттіліктері бар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білім беру ретінде қазіргі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты. Бұл зерттеудің өзектілігі.

Мақалада студенттердің тілдік құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін жағдаяттық тапсырмаларды, пікірталастарды, рөлдік ойындарды, пікірталас элементтерін сабақта қолдану аясын кеңейту және сабақты ойын түрінде өткізуді сипаттау мақсаты койылған.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы студенттерді шет тілінде қарым-қатынас жасауға үйретудің, коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдістемелік негіздерін теориялық тұрғыдан түсінуде.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы студенттерді оқытудың қазіргі интерактивті формаларының әдістемелік мүмкіндіктерін толық сипаттауда болып табылады.

Мақалада оқытудың интерактивті әдістерінің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады: дөңгелек үстел, пікірсайыс, форумдар, сот отырысы, рөлдік ойындар, өзара пікірталас, ойға шабуыл және т.б.

Оқытудың интерактивті түрлерін қолдану технологиясы белсенді оқыту формаларын логикалық және кезең-кезеңмен қолдану болып табылатыны атап өтілген.

Оқытуда интерактивті технологияларды қолдану мыналарға ықпал етеді: оқытудың тиімділігін арттыру; уақыт бірлігінде көбірек оқыту тұжырымдамаларын меңгеру; материалды игеру жылдамдығын арттыру; әр оқушының оқу процесіне белсенді қатысуы; оқушыларға жан-жақты әсер ету арқылы олардың шет тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту.

Олай болса, оқытудың интерактивті түрлері оқу-тәрбие процесін белсендіреді, оқушының жеке тұлғалық және пікірталас қабілеттерін дамытады, жеке тілдік дағдыларын кеңейтеді және тереңдетеді, оқушы тұлғасының шығармашылық компонентін белсендіреді.

Мақалада интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттерді оқытудың нәтижелері тұжырымдалған, бұл жұмыстың практикалық мәнін анықтайды.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-30

Жоба

Раздел

Статьи