ҚАЗАҚ ПАРЕМИЯЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ УӘЖДЕРІ МЕН ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.016Кілт сөздер:
паремиялар, мақал-мәтелдердің жасалу уәжі, паремияларлың прагматикалық қызметі, пресуппозиция, имплицитті мағына, ұлттық болмыс, паремиялардың тура мағынасы, паремиялардың ауыспалы мағынасы, этнолингвистикалық уәжАннотация
Мақалада қазақ тіліндегі паремиялардың жасалуына негіз болған этнолингвистикалық уәждер мен олардың прагматикалық қызметіне талдау жасалады. Мақала авторлары паремиялардың жасалу уәждерін халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына байланысты қарастырады. Мақаланың мақсаты – қазақ тіліндегі паремиялардың қалыптасуына негіз болған уәждерін анықтап, прагматикалық қызметін зерттеу. Мақалада паремиялардың прагматикалық аспектісі олардың мазмұны, сөйлеу жағдаятына, түрлі мақсатта жұмсалуына байланысты екендігі анықталған. Қазақ тіліндегі паремиялардың жасалуына негіз болған этнолингвистикалық уәждер мен олардың прагматикалық қызметіне талдау арқылы, паремиялардың ұлттық мазмұны уәжділігі тасаланған және уәжділігі тасаланбаған мақал-мәтелдер деп ажыратылды.
Паремиялардың прагматикалық аспектісін анықтау олардың тіл жүйесіндегі алатын орнын белгілеу‚ тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымындағы ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау зерттеудің ғылыми маңызын көрсетеді. Мақаланың практикалық маңызы сөйлеу жағдаятына қарай түрлі мақсатта жұмсалатын мақал-мәтелдердің пресуппозициясы мен имплицитті мағынасының анықталуында жатыр. Тақырыпты ғылыми тұрғыдан зерттеу барысында Н.Д. Арутюнова, Н.Ф. Иртеньева, Е.И. Верещагин, В.Т. Костомаров, Ә. Қайдар, З. Ерназарова, А. Салқынбай сынды ғалымдардың еңбектері мен ғылыми тұжырымдары әдіснамалық негіз ретінде басшылыққа алынды. Мақалада паремиялардың прагматикалық қызметін анықтауда сипаттама-аналитикалық, лексика-семантикалық, этнолингвистикалық және танымдық-прагматикалық талдау әдістер қолданылды.