АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ СӘЙКЕСТІГІН АУДАРМАДА ПРАГМАТИКАЛЫҚ БЕЙІМДЕУ АРҚЫЛЫ ЖЕТКІЗУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.019Кілт сөздер:
аударма, поэзия аудармасы, түпнұсқа, прагматика, прагматикалық бейімдеу, коммуникациялық интенция, реципиент, барабар аударма, аударма тәсілдеріАннотация
Мақалада Абай Құнанбайұлының өлеңдері мағыналық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік бейнелеу құралдарының қызметімен ерекшеленетіндігі және өлеңдердің орыс және ағылшын аудармаларында прагматикалық бейімделуді қолдану мәселесі қарастырылғандығы ғылыми маңыздылығы ретінде көрсетеміз.
Сонымен қатар, осы өлеңдердің аудармасының барабарлығына жету мақсатында прагматикалық бейімдеудің қолдану рөлі анықталады. Аудармада прагматикалық бейімдеудің қолданылуы нақты аударма мысалдары негізінде дәйектелінді. Прагматикалық бейімдеу барысында қолданылған түсіріп кету, компенсация және тагы да басқа аударма тәсілдері анықталды. Поэзия аудармасы мен түпнұсқаға талдау жасау барысында аудармашының поэзия аудармасын оқырманға байланысты прагматикалық бейімделуіді қолдану кезінде жиі қолданатын аударма тәсілдері айқындалды.
Зерттеу әдістемесі прагматикалық бейімделу мен практикалық талдауға негізделген.
Мақалада Абай Құнанбайұлының «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің М. Петровтың орыс тіліне аудармасы және Ричард Мак Кейннің ағылшын тіліне аудармасын түпнұсқамен салыстыра отырып, талдау жасалды.
Талдау нәтижесінде өлең аудармалары мен түпнұсқаның мағыналық берілу сәйкестігі негізделді. Осының негізінде, прагматикалық бейімделуді қолдану арқылы аударылған поэзия түпнұсқаға барабар болатыны, яғни мағыналық сәйкестігі мен реципиентке коммуникациялық интенцияның толыққанды жеткені дәлелденді.
Мақаланың ғылыми құндылығы мен практикалық маңыздылығы жалпы поэзия аудармасында прагматикалық бейімделуді қолдану жолдары беріледі және талдау барысында орысша немесе ағылшынша аударма авторлары қосу, түсіру, компенсация тәсіліне жиі жүгініп, аударманы бейімдей отырып ұсынғаны анықталды.