ОНТОЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ БАЛАЛАР СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ УӘЖДЕМЕЛІК РЕФЛЕКСИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.005Кілт сөздер:
онтолингвистика, уәждеме, балалар инновациясы, уәждемелік рефлексия, билингв, монолингв, респондент, уәждемелік тип, психолингвистикалық экспериментАннотация
Мақала 2022-2024 жылдарға арналған «Тұлғаның моно- және билингвальді жағдайда қалыптасудағы баланың уәждемелі рефлексиясы» атты Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырып жатқан жоба аясында жазылған. Мақалада балалардың сөйлеу онтогенезін, балалардың сөйлеуін зерттейтін тіл білімінің бір саласы – онтолигвистика бойынша теориялық мәліметтер мен балалар тілін зерттеудегі талдаудың алгоритмдеріне сипаттама берілген. Сонымен қатар әлемдік лингвистика ғылымында балалардың тілдік және метатілдік санасының, отандық ғылымдағы онтолингвистика мәселелерінің зерттелу тарихы сипатталады. Осы саланы зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектеріне, мақалаларына, зерттеулеріне шолу жасалады және уәждемелік рефлексия лингвокогнитивтік құбылыс ретіндегі салыстырмалы уәждеменің объектісі ретінде қарастырылады. Мақаланың ғылыми-практикалық маңызыдылығы Қазақстанның моно-және қостілді қоғамында қалыптасатын мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың метатілдік санасының көрсеткіштеріне сүйене отырып, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, онтогенез, «балалар инновациялары метатілінің» өзекті мәселелері контекстіндегі балалардың уәждемелік рефлексиясын салыстырмалы-уәждемелік тұрғыдан саралауға бағытталуында. Мақалада балалар сөйлеу тілінің уәждемелік рефлексиясын зерттеуде статистикалық деректерді өңдеудің жалпы ғылыми әдістері бар сипаттамалық әдіс, психолингвистикалық әдіс, компоненттік талдау әдісі, тілдік құбылыстарды когнитивті талдау әдісі, салыстырмалы әдіс, лингвистикалық модельдеу әдістері қолданылған.
Мақаланың негізгі нәтижелері жоба аясында жүргізілген бірінші психолингвистикалық экспериментте ұсынылған сөздерге берілген метасөйленімдері талданып, уәждемелік паспорттарында сипатталуында. Психолингвистикалық және лингвистикалық эксперименттер жүргізу арқылы балалардың метатілдік санасына негізделген зерттеудің әдіснамалық аспектісі ұсынылған. Уәждемелік рефлексия адамның метатілдік ойлауының әмбебап қасиеті ретінде қарастырылады. Баланың тілінде сөзжасамдық инновацияларының кездесу жиілігі мен грамматикалық категорияларды (сөз таптарының пайда болумен қалыптасуы) игеруі қарастырылған. Баланың метатілдік қызметі мен кітапты қабылдауын бақылаған психолингвистикалық экспериментте моно- және билингвалды топтардағы әр жастағы балалардың жас ерекшелігіне орай ұсынылған «Аққу» және «Ана тілі» сөздерінің уәждемелік паспорттарында уәждемелік-салыстырмалы талдау жасалынған.