ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК АСПЕКТІСІ

Автор(лар)

  • Елубаева А.А

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.63.4.009

Кілт сөздер:

заң термині, аударма, құқық, лингвокогнитивтік аспекті, таным.

Аннотация

Бұл мақалада құқық саласындағы заң терминдерінің лингвокогнитивтік аспектісі теориялық тұрғыдан зерттелген. Заң терминологиясы, заң термині және когнитивтік лингвистикаға анықтама беріліп, оның аударма процесімен байланысы түсіндірілген. Заң терминдерінің когнитивтік аспектісі түпнұсқа тілінде сөйлейтін халықтық танымымен, логикалық ойлау қабілетімен байланысты. Аударма процесінде бұл ерекшелік айрықша зерттеуді талап етеді. Заң терминдерін аудару барысында, терминдерге салыстырмалы талдау жүргізіп, лингвокогнитивтік аспектісін немесе сол терминнің білдіретін құқықтық бейнесін ұғыну керек.

Түпнұсқа тіліндегі терминнің ұқсас баламасын аударма тілінен іздеу керек. Заң терминдерінің лингвокогнитивтік аспектісі салыстырмалы талдау негізінде мысалмен түсіндірілген. Мақалада нысанға алынып отырған терминдер қазақ заңы мен ағылшын заң материалдарынан алынған. Екі елдің құқықтық жүйесі әртүрлі болғандықтан, заң терминдері де әртүрлі болып келеді. Екі тіл - екі дүниетаным демекші, әр түрлі семьяға жататын тілдер әрдайым бірдей нәрсені білдірмейді, тек оған әр түрлі көзқараспен қарайды. Бір тіл - ол бір бөлек әлем болса, ал екі тіл – ол екі бөлек әлем.

Дегенмен, терминдерге лингвокогнитивтік аспекті тұрғысынан салыстырмалы-типологиялық талдау жүргізудің өзіндік мәні бар. Салыстыру арқылы нәтижесінде терминдердің өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға болады. Мақалада терминнің когнитивтік ерекшелігі жайлы сөз қозғаған батыс және Отандық ғалымдардың есімдері аталған. Сондай-ақ, бұл зерттеу жұмысында теориялық зерттеу әдісі, салыстырмалы-салғастырмалы, салыстырмалы-типологиялық, когнитивтік талдау сияқты зерттеу әдістері қолданылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-30

Жоба

Раздел

Статьи