the МЕТАФОРАЛАР МЕН БЕЙНЕЛІ САЛЫСТЫРУЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (К. ЖҰМАДІЛОВТЫҢ «ДАРАБОЗ» ДИЛОГИЯСЫНЫҢ МӘТІНІ БОЙЫНША)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.014Кілт сөздер:
метафора, бейнелі салыстыру, аударма трансформациясы, тілдің бейнелі-семантикалық ерекшелігі, стилистикалық құрал, аналогия, бейнелі ұқсастық, тура аудармаАннотация
Мақалада метафора мен бейнелі салыстыруды беру тәсілдері қарастырылады. Зерттеуде Қ.Жұмаділовтың орыс және ағылшын тілдеріне аударылған "Дарабоз" дилогиясындағы көркем экспрессивтілік құралдары қолданылды. Ұсынылған жұмыс шеңберінде түпнұсқа және аударылған мәтіндердің тілдеріндегі мәтінге параллель талдау жүргізілді, зерттелетін көркем мәтіндердің ерекшеліктерін ескере отырып, метафораны аударудың және салыстырудың негізгі модельдері анықталды. Метафораны беру және басқа тілге салыстыру процесінде туындайтын проблемалар айқындалды. Бұл мақала қазақ тіліндегі метафоралар мен бейнелі салыстыруды орыс және ағылшын тілдеріне аудару тәсілдерін зерттеу мен жүйелеуді мақсат етеді. Зерттеу барысында біз В.Н.Комиссаров пен П.Ньюмарктың классификациялары бойынша метафоралар мен бейнелі салыстыруларды сөзбе-сөз аудару әдістері қолданылды. Талдау барысында «Дарабоз» дилогиясының мәтінінде метафоралардың және бейнелі салыстырулардың көп кездесетіндігі байқалды. Бұл мысалдар бізге осы стилистикалық әдістерді аударудың әртүрлі тәсілдерін көрсетуге көмектесті. Аударманың ең көп таралған тәсілі сөзбе-сөз аударма болды.
«Дарабоз» дилогиясын талдау негізінде оларда тілдің лексикалық бейнелеу құралдарын қолдану тұрғысынан біз К.Жұмаділовтың тілі бай бейнелі және метафоризацияның жоғары дәрежесімен сипатталатынын анықтадық.