ӘДЕБИ ЖАНРЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ (қазақ авторларының мысалында)

Автор(лар)

  • Е.Ж. Арын КазНУ им. аль-Фараби
  • С.Б. Ержанова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.021

Кілт сөздер:

қазақ әдебиеті, интернет әдебиеті, жанр, интернет, медиа поэзия, блог, фанфик, әлеуметтік желілер

Аннотация

Бұл мақалада интернет платформалары мен әлеуметтік желілерде жарияланып, насихатталып жүрген қазақ авторларының көркем шығармалары негізіндегі интернет әдебиетінің жанрлық типологиясы қарастырылады. Мақаланың мақсаты – желілік ортадағы дәстүрлі жанрлардың өзгерісін анықтау. Сондықтан дәстүрлі кітап форматындағы әдебиет пен сандық әдебиет арасында пайда болған субжанрларды сипаттау негізгі бағыт болып табылады. Интернеттегі әдеби жанрлардың трансформациясын зерттеу технология әсерінен эволюцияға ұшырап жатқан әдебиетті түсіну үшін өзекті болып табылады және желілік әдебиет туралы теориялық түсінікті кеңейтеді. Бұл зерттеу дәстүрлі кітап форматындағы әдебиет пен цифрлық әдебиет арасында пайда болған ішкі жанрларды анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында электронды ресурстарда жарияланған қазақ әдебиеті шығармаларының салыстырмалы тарихи, типологиялық, герменевтикалық, мәдени-тарихи әдістемелеріне негізделген талдау, әдебиеттің жанр мен канондық жанр типтерін түрлендіру факторларына анализ сияқты ғылыми әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы дамып келе жатқан электронды әдебиеттердің қалыптасу және даму жағдайына баға беріліп, онлайн әдебиеттердің өзіндік аспектілері анықталды. Отандық авторлар жарияланатын интернет-платформаларға анализ жүргізілді. Қазіргі әдеби процестің даму жағдайы уақыт өткен сайын ғаламторда әдеби шығармалардың бірнеше жаңа түрлері мен жанрлары қалыптасып жатыр деген тұжырым жасалды. Қазақ тіліндегі дәстүрлі әдебиет үлгілері интернетте электронды нұсқалар түрінде белсенді түрде жарияланып жатқанымен, жаңа технологиялар мен интернеттің еңбектердің салыстырмалы түрде қалыпты құрылымын сақтап қалғаны анықталды. Интернет-әдебиет тақырыбы Батыс және Еуропа елдерінде өте жақсы дамыған және зерттелген. Бұл зерттеудің құндылығы отандық авторлардың мысалында ғаламтордағы әдеби жанрларға кеңінен талдау жүргізілгенімен айқындалады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қазақ әдебиетін интернетте танымал ету үшін пайдалануға болатындығында. Бұл зерттеудің нәтижелерін алынған теория мен жинақталған материалдарды қазіргі әдебиет және медиасаласы курстарында пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи