ЖАЗУШЫ ТАЛҒАТ КЕҢЕСБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.025Кілт сөздер:
проза, экперименттік әңгіме, постмодернизм, диалог, сентименталды-драмалық сипаты, эстетикалық бояу, модернистік бағыт, әлеуметтік прозаАннотация
Қазіргі қазақ прозасының көрнекті өкілі Талғат Кеңесбаевтың шығармашылық лабораториясын қарастыру мақаланың зерттеу нысаны болып табылады.
Әдебиет әлеміне өткен ғасырдың сексенінші жылдары келген Т.Кеңесбаев шығармашылығын зерттеу барысында мақаланың жаңашылдығы бірнеше сипаттармен көрінеді.
Т.Кеңесбаевтың Ойшоғыр, Гауһар, Марафон, Түнде ұшқан қаршыға, Лениннің бәтеңкесі, Олар екеу еді, т.б. құнды туындылары ғылыми тұрғыда алғаш рет осы мақалада қарастырылады.
Жазушы туындыларының тақырыптық, көркемдік ерекшелігіне, жанр жүйесіне талдау жасалады. Қаламгердің тақырып таңдаудағы жаңашылық пен стиль даралығы анықталады.
Т.Кеңесбаевтың көркемдік стилінің өзіндік ерекшелігі туралы Т.Жұртбай, Ж.Қорғасбек, Т.Әсемқұлов сынды ғалымдардың ғылыми пікірлері бүгінгі тәуелсіз таным деңгейінен сараланады.
Мақалада Т.Кеңесбаевтың прозалық тақырыптарының тосындығы, суреткерлік шеберлігімен адамның көкейіндегі ең өзекті мәселелерді көтеретін ерекшелелігі анықталады.
Әлеуметтік проза үлгісінде көп жазған Т.Кеңесбаев туындыларында өмірден баз кешкен адамның жай-күйі, тағдыр тауқыметі, адамдық һәм адалдық, тарихи тақырып та кеңінен қамтылғандығы сөз етіледі.
Жазушы әңгімелерінде адам тағдыры арқылы қоғам келбетін әр қырынан көрсете білетіні көрсетіледі. Кейіпкерлердің психологиялық жай-күйін жан-жақты ашуда көркемдік тәсілдермен қоса, жазушы эстетикалық бояуларды да молынан пайдаланатыны айқындалады.
Жұмыста Т.Кеңесбаев шығармашылылығының жаңашылдық сипаты қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы, сонымен қатар әдеби өлкетану бағытына қосылған өзіндік үлес болып саналалатыны айқындалады. Зерттеу нәтижелерін ЖОО-да оқылатын қазақ әдеби сынының тарихы пәндеріне қосымша материал ретінде, арнаулы курс-семинарларда пайдалануға болады.
Мақаланы дайындау барысында қаламгердің прозалық туындылары жинақталып, әдеби талдау, жүйелі-кешенді зерттеу әдістері негізге алынды.
Мақаланың мақсаты – бүгінгі тыныс-тіршіліктің күрделі көрінісін бедерлеуге ұмтылған жаңашыл жазушының қаламгерлік қолтаңбасын таныту, шығармашылығын тұңғыш рет жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеу.