ТЕРМИНЖАСАМДАҒЫ МЕТАФОРАНЫҢ КОГНИТИВТІК МЕХАНИЗМДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.019Кілт сөздер:
термин, терминология, терминжүйе, метафора, метафора-терминдер, метафоралық модель, когнитивтік механизм, офтальмология терминдеріАннотация
Мақала терминжасамдағы метафораның когнитивтік механизмдерін анықтауға арналады. Зерттеу нысаны – офтальмологияның қазақ және ағылшын тілдеріндегі терминжүйесі. Зерттеудің пәні – метафора офтальмология терминологиясындағы арнайы білімді бейнелеу тәсілі ретінде. Зерттеудің мақсаты – атау теориясы мен когнитивті лингвистика тұрғысынан метафоралық модельдеу ерекшеліктерін және қазақ және ағылшын тілдеріндегі офтальмология терминжүйесіндегі метафораланудың қолдану тәсілдерін түсіндіру. Зерттеудің мақсаты мен пәні мынадай нақты міндеттерді шешуге бағытталды: 1) қазақ және ағылшын тілдеріндегі офтальмологиядағы метафоралық терминдер корпусын және олардың атауыштық сипаттамаларын анықтау; 2) зерттелетін терминжүйені қалыптастыруда метафоралық атаудың ерекшелігін белгілеу; 3) термин-метафоралардың негізгі көздерін анықтау және зерттелетін терминжүйеде метафоралық модельдер құру; 4) метафоралаудың вербалдану тәсілдерін зерделеу және зерттелетін терминжүйеде метафораның модельдерін ұсыну. Зерттеу материалы ретінде монографиялардан, терминологиялық түсіндірме сөздіктерден, энциклопедиялардан, анықтамалықтардан, Интернет-каталогтардан, салалық журналдардан, сондай-ақ ресми құжаттардан, халықаралық жіктемелерден және т.б. үздіксіз іріктеу әдісімен алынған дара, күрделі қазақ және ағылшын тілдеріндегі термин-метафоралар алынды. Зерттеудің теориялық маңыздылығы оның нәтижелері жалпы терминжүйелерді және офтальмология терминжүйесін талдау әдістемесін жетілдіруге ықпал етуі мүмкін. Терминдерді зерттеу үшін когнитивті талдау әдістерін қолдану және терминжасамдағы метафоралардың қызметін анықтауға, метафора теориясының одан әрі дамуына ықпал етеді, метафора-терминдердің негізінде жатқан танымдық процестерді тереңірек тануға қосымша мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық мәні офтальмология метафораларының корпусын түсіндіру, сондай-ақ жалпы дәрістер оқу және семинарлар өткізу кезінде қолдану мүмкіндігінен көрінеді.