ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ТІЛДІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.63.4.007Кілт сөздер:
тілдік ахуал, диалектика, әлеуметтік-коммуникативтік жүйе, әлеуметтік лингвистика, лингвистикалық норма, билингвизм, тілдік стильАннотация
Бұл зерттеу әлеуметтік контекстте лингвистикалық қарым-қатынастың өзгеруіне лингвистикалық және әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеуге бағытталған. Мақалада сөздерді таңдауға, әлеуметтік ортаға және сөйлеу әрекетіне әсер ететін факторлар қарастырылады, сонымен қатар тілді әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде талдау, сондай-ақ бірінші және екінші тілдерді қолданыс аясы сипатталады, өйткені әлеуметтік контекст бұл процестің негізгі элементі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени және психологиялық ережелер тілдің моделі мен құрылымын өзгерте отырып, адамдардың дүниетанымына әсер етеді. Қарым-қатынас модельдерінің лингвистикалық және социолингвистикалық вариациялары мен факторлары туралы пікірлер талданады. Адамзат өркениетінің үздіксіз алға дамуы мен адамдардың мәртебесінің өзара әрекеттестігінің дифференциациясына қатысты тұжырымдар әр түрлі әлеуметтік факторлардың әсерінен болатын тілдің өзгеруін және де сонымен қатар тілдің дамуына әсер ету ықпалын арттыра алады. Мақалада әлеуметтік ортаға және сөйлеу әрекетіне әсер ететін факторлар қарастырылады, сонымен қатар тілді әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде талдау, сондай-ақ бірінші және екінші тілдерді қолданыс аясы сипатталады, өйткені әлеуметтік контекст бұл процестің негізгі элементі болып табылады.